Ср, 02/04/2014 - 09:07
Әкімшілік құқық бұзушы И., Ембі қалалық полиция бөлімінің қызметкері бола тұра, «Фольсваген-Пассат» маркалы автокөлігін жол қозғалыс ережелерінің 2.7 бабын бұзып, мас күйінде басқарған және көлік құралын басқаруға құқығы болмаған.Осы жайт бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 467 бабының 8 бөлімімен әкімшілік іс қозғалып, сотта қаралды. ҚР ӘҚБтК-нің 650 бабының 2 бөлігінің 3 тармағының негізінде, әкімшілік іс құжаттары Ақтөбе облыстық ішкі істер Департаментіне тәртіптік жарғылар бойынша жауаптылыққа тарту үшін жолданып, іс өндірістен қысқартылды. Қаулы заңды күшіне енген жоқ.
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі.