Өңірлік семинар

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Баспасөз парақшасы

Ағымдағы жылдың 10 сәуір сағат 10:00-де Ақтөбе облыстық сотының ғимаратында Қазақстан Республикасының  азаматтық іс жүргізу кодексінің (жаңа редакциядағы) жобасын талқылау бойынша төрт облыс орталығы шеңберінде өңірлік семинар өткізілетін болады. Оған жұмыс тобының мүшесі, прокуратура, адвокатура органдары, білім, әділет, ішкі істер, қаржы органдары, қоғамдық ұйымдар мен БАҚ өкілдері қатысады.

Қатысушыларды тіркеу сағат 09-30-дан басталады.

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жұмыс тобының өкілі ретінде Қарағанды облыстық сотының азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының төрайымы Ж.К.Сейдалина қатысатын болады.

Өңірлік семинарға іс жүргізушілік құқық нормаларын қолдануға маманданған Атырау, Батыс – Қазақстан, Маңғыстау облысы соттарының судьялары, соның ішінде облыстық және аудандық соттың, мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының, мамандандырылған ауданаралық кәмелетке толмағандар істері жөніндегі сотының судьялары қатысатын болады.

 

Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі