Қазақстан Республикасының аумағында болу ережесін бұзған

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтөбе қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында Қытай Халық Республикасының азаматы Б-ға қатысты әкімшілік іс қаралды. Іс құжаттарына сәйкес, азамат Б.,  14 тамыз 2013 жылы Қазақстан Республикасына «Хоргос» БӨП арқылы келіп, Ақтөбе қаласындағы көші-қон полициясына 06.08.2013 жылдан 06.08.2014 жылға дейін Ақтөбе қаласында тіркеуге тұрған. Көші-қон карточкасында ҚР келу мақсаты «жеке шаруамен» деп көрсетілген. Алайда, тексеру барысында оның 2013 жылдың қыркүйек айынан бастап ішкі істер органдарына хабарламай Ақтөбе қаласында тұрып жатырғаны анықталған. Сөйтіп ол, Қазақстан Республикасында болу ережесін бұзып, яғни нақты тұратын  жері тіркеу кезінде көші-қон карточкасында көрсетілген мекен-жайға сәйкес келмей, ҚР ӘҚБтК-нің 394 бабының 3 бөлімінде көрсетілген құқық бұзушылық жасаған. 

           Сот қаулысына сәйкес азамат Б. ҚР ӘҚБтК-нің 394 бабының 3 бөлімінде көрсетілген әкімшілік құқық бұзушылық жасаған деп танылып, осы бап бойынша оған 40 (қырық) айлық есептік көрсеткіш  74080 теңге  көлеміндемемлекет пайдасына  айыппұл салынды.

           Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

                                                                                                                                                 Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі