Балалардың денсаулыққа зиян келтірмеңіз !!!

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

 

Баланың ата-анасы, басқа да заңды өкілдері, мемлекеттiк органдар, сондай-ақ баланы тәрбиелеу мен оған бiлiм беру функциясын жүзеге асыратын ұйымдар салауатты өмiр салтын және алкогольдi өнiмдер мен темекi бұйымдарының зиянды екенiн насихаттауға мiндеттi. Дегенмен, балаға алкогольдi iшiмдiктердi, темекiнi және темекi бұйымдарын сатуға тыйым салынады деген заң нормасын бұзған фактілер де жиі кездесуде.                                                                                                                                                                 

Мәселен, азаматша Б.  Ақтөбе қаласындағы дүкеннің бірінде сатушы болып жұмыс істеп тұрып, 13 қаңтар 2014 жылы, шамамен сағат 21.00-де, жасы он сегізге толмаған, 2003 жылы дүниеге келген А. бір қорап «Кент» темекісін сатқан.  Аталмыш мән-жай бойынша Ақтөбе қалалық ІІБ Сазды ПБ-нің КТІЖ инспекторымен әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылып, Ақтөбе облысының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралды. Сот азаматша Б.-ны Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексі 114-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танып, оған мемлекет пайдасына өндіруге айыппұл салды.

Сот қаулысы заңды күшіне енді.

                                                                                                                                     Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі