Арақ ішіп көзінен айырылған

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Мәртөк аудандық сотында ҚР ҚК-нің 103 бабының 1 бөлігімен аз. А. қатысты қылмыстық іс қаралды.

Іс бойынша сотталушы аз. А. 2013 жылдың 10 қарашасында сағат 22-00 шамасында,  Ақтөбе облысы, Мәртөк ауданы, Жайсан ауылында мас күйінде, спирттік ішімдіктерді ішу кезінде жәбірленуші аз. Н-мен сөзге келіп ұрысып қалып, соңғыны қасақана бейсболдық битамен сол жақ бет шекесінен ұрып, жәбірленушінің бір көзін шығарған, содан кейін аз. А. қылмыстық әрекетін жалғастырып, жерде отырған жәбірленушіні тағы да үш рет бейсболдық битамен басынан және бетінен ұрған, сөйтіп жәбірленуші аз. Н. денсаулығына ауыр дәрежедегі зиян келтірген, яғни бір көзінің көру қабілеті жойылған.

Сот отырысында сотталушы аз. А. өзінің кінәсін мойындап, болған мән-жайларды растап, жәбірленушіден кешірім сұрады.

Сот сотталушы аз. А-ты ҚР ҚК-нің 103 бабының 1 бөлігімен 4 жылға бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады.

Үкім заңды күшіне енбеген.

 

Источник: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі