Архив событий

17/02/2014

Қарызын уақытында өтеу керек

17/02/2014

Мәртөк аудандық сотында «Б» ЖШС-нің аз. У-ға қатысты банктік берешек пен айыппұлды өндіру туралы азаматтық іс қаралды. Талап мәні бойынша борышкер аз.У. 2006 жылы «Альянс банк» АҚ-нан 3 жылға 226 281 теңге несие алған. Несие шарты бойынша борышкер ай сайын 11 754 теңге төлеу міндетті болған, алайда 2008 жылдан бастап несиені төлемеген. Сондықтан борышкер аз. У-дің несиелік берешегі, оның ішінде, өсімақы, айыппұлмен бірге 223 396 теңге құраған. 2011 жылы «Альянс банк» АҚ-ы «Б» ЖШС-не факторинг шарт бойынша борышкерден берешек соманы талап ету құқығын берген.