Жаңалықтар

Сот әкімшілігі департаментінің бөлім басшысы «Заң.kz» телебағдарламасына қатысты

27/12/2023

Сот әкімшілігінің Ақтөбе облысы бойынша Департаментінің персоналды басқару бөлімінің басшысы Айымгүл Естурлина «Aqtobe» телеканалындағы «Заң.kz» бағдарламасының эфирінде сөз сөйледі.

Әңгімелесу барысында спикер сот билігі қызметінің мәні мен мазмұнына, сот жүйесінің даму перспективаларына егжей-тегжейлі тоқталып, конкурстық негізінде судьялық лауазымға орналасу шарттары туралы айтып берді.

Сонымен қатар, судьяға қойылатын талаптар, біліктілік емтиханын тапсыру, сот төрелгі академиясына түсу және тағылымдамадан өту шарттары түсіндірілді.

Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының судьясы жоғары сынып оқушыларымен кездесу өткізді

27/12/2023

Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының судьясы Ж.А.Сұлтанова Ақтөбе қаласы №61 Жалпы білім беретін орта мектебінің оқушыларымен  «Құқықтық сауаттылық - заман талабы» тақырыбында кездесу өткізді.

Кездесу барысында судья «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары» туралы Заңда көзделген балалардың құқықтары мен міндеттеріне тоқталып, құқықтық сауаттылықты арттырудың маңыздылығын атап өтті.

Облыстық соттың судьялары мемлекеттік органдармен кездесу өткізді

27/12/2023

Ақтөбе облыстық соты мемлекеттік органдар және заңды қоғамдастық өкілдерімен ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жалғастыруда.

Судьялар корпусына жоғары білікті мамандарды тарту мақсатында,  қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Әлібек Ахметов, облыстық соттың судьялары Гүлжан Әжіғалиева, Мадина Сисенова және Гүлнар Тлепова  Ақтөбе облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру Департаменті және ішкі істер Департаменті қызметкерлерімен кездесу өткізді.

Бүгін Ақтөбе облыстық сотында жалпы отырыс өткізілді.

15/12/2023

Отырыс жұмысына облыстық сот төрағасы Айдар Смағұлов, алқа төрағалары мен облыстық сот судьялары қатысты.

Шара барысында Президенттің 2023 жылдың 11 қарашасындағы «ҚР соттарының төрағалары  мен судьяларын қызметке тағайындау және қызметтен босату туралы» Жарлығымен тағайындалған Ақтөбе облыстық сотының судьясы Алашұлы Қайыржан және Қобда аудандық сотының төрағасы Омаров Бақытбек Жұмабекұлы таныстырылды.

Экономикалық сотта "Aqbobek International School AIS" мектеп оқушыларымен кездесу өткізілді

15/12/2023

Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында "Aqbobek International School AIS" халықаралық мектебінің 10-11 сынып оқушыларымен кездесу өтті.

Кездесу жастарды сот органдарының жұмысы туралы хабардар етуге бағытталды.

Сот төрағасы Алғабек Жүсіпов пен судья Светлана Мукашева судья лауазымының ерекшеліктері, судьялыққа кандидаттарға қойылатын талаптар, осы кәсіпте жұмыс істеу үшін қажетті қасиеттер туралы айтып берді. Сонымен қатар, оқушылар заманауи ақпараттық технологияларды қолдана отырып, сот қызметімен танысты.

«Сот органдарынан шығатын құжаттарға апостиль қою» мемлекеттік қызмет көрсету бойынша семинар өткізілді

15/12/2023

Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігі Ақтөбе облысы бойынша департаментінің ұйымдастыру-талдау бөлімінің бас маманы К.Сагинбаевпен «Сот органдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою» мемлекеттік қызметі бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Ақтөбе облысы бойынша филиалы Халыққа қызмет көрсету бойынша Ақтөбе қаласының №3 бөлімі қызметкерлерінің қатысуымен семинар өткізілді.

Алимент төлеуден жалтарғаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылды

14/12/2023

Қобда аудандық сотында балаларын күтіп-бағуға арналған қаражатты төлеу жөніндегі міндеттерді орындамағаны үшін сотқа берілген (ҚК 139-бабы) А.-ға қатысты үкім жарияланды.

Сотталушы 2014 жылы заңды некеге тұрған,  некеден екі баласы бар. 2015 жылы неке заңды түрде бұзылып, кәмелетке толмаған балдар анасының тәрбиесінде қалдырылған. Соттың бұйрығымен алимент өндірілген, алайда алимент төлеу жөніндегі міндеттерін орындамағандықтан, 2022 жылы соттың қаулысымен әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Шалқар аудандық сотында мемлекеттік тілді қолдану мәселелері талқыланды

11/12/2023

Шалқар аудандық сотында мемлекеттік тілдің түйіткілді мәселелеріне  арналған  дөңгелек үстел өтті. Осы іс-шараға қатысушылар мемлекеттік тілдің рөлі мен маңызын, сондай-ақ оны сот ісін жүргізуде қолдану мәселелерін талқылады.

Дөңгелек үстелге Шалқар аудандық прокуратурасының прокуроры Н.Ермекбаев, Шалқар аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі бас маманы Ж.Утембетов, адвокат А.Махамбетов, ауданның білім бөлімінен маман С.Есбосынов  және сот қызметкерлері қатысты.

Ақтөбе облыстық сотында «Ұлттық руханиятымыздың өзегі – ана тілі» атаулы семинар өткізілді

08/12/2023

Бүгін Ақтөбе  облыстық сотында «Ұлттық руханиятымыздың өзегі – ана тілі» атаулы семинар ұйымдастырылды. Оған облыстық соттың төрағасы Айдар Смағұлов, облыстық соттың судьялары, аудандық және оған теңестірілген соттардың судьялары, Ақтөбе облысы бойынша Сот әкімшілігі Департаментінің құрылымдық бөлімшелерінің басшылары және сот мамандары қатысты.

Студенттер ашық сот отырысына қатысты

07/12/2023

Бүгін Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылыған ауданарылық сотының судьясы А.Балмухановтың төрағалығымен ҚР ҚК-нің 297 бабының 3-бөлігінің 1), 3),5) тармақтарымен  сотталушылар М және Т.-ға қатысты қылмыстық іс бойынша көрсетілім сот отырысы өткізілді ( аса ірі мөлшерде психотроптық заттарды өткізу мақсатында заңсыз иемдену және сақтау )

Сот отырысына Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңіраралық университетінің экономика және құқықтану факультетінің 3 курс студенттері қатысты.

Беттер