Жаңалықтар

Сот әкімшілінің Ақтөбе облысы бойынша Департаметінің бөлім басшысы студенттермен кездесу өткізді

07/12/2023

Бүгін персоналды басқару бөлімінің басшысы Айымгүл Естурлина Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті студентерімен кездесу өткізді.

Іс-шараның мақсаты өңірдің сот жүйесінің кадрлық құрамын жаңа  сот қызметкерлімен толықтыру. Спикер «Құқықтану» мамандығында білім алып жатқан студенттерге сот жүйесінің даму тарихымен, ақпараттық технологияларымен, бос орындарымен және бос лауазымдарға орналасу конкурсына қатысу шарттарымен егжей-тегжейлі таныстырды.

Облыстық сот басшылығымен мемлекеттік қызметшілермен семинар сабағы өткізілді

06/12/2023

ҚР Жоғарғы Соты Төрағасының хаттамалық тапсырмасын орындау мақсатында, Ақтөбе облыстық сотынң төрағасы Айдар Смағұлов және қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Әлібек Ахметов судьялар мен мемлекеттік қызметшілер арасында семинар сабағын өткізді.

Ақтөбе қаласының №2 сотында көрсетілім сот процессі өткізілді

06/12/2023

Ағымдағы жылдың 4 желтоқсанында Ақтөбе гарнизонының әскери прокуратурасының курсанттары мен аға прокурор А.С.Баксыик, аға маман Б.А.Аманшин Ақтөбе қаласының №2 сотында ҚР ҚК-нің 296-бабының 2-бөлігі (Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу) бойынша қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін айыпталған азамат М.-ға қатысты қылмыстық іс бойынша өткізілген сот отырысына қатысты.

Мемлекеттік қызметшілер арасында семинар өткізілді

06/12/2023

Ақтөбе облыстық сотында Сот әкімшілігінің Ақтөбе облысы бойынша Департаменті қызметкерлерінің қатысуымен әдеп нормаларын сақтау мәселелері бойынша семинар өтті.Департамент басшысының орынбасары, Әдеп жөніндегі уәкіл Динара Ерлікова өз баяндамасында Қазақстан Республикасы Президентінің 2023 жылғы 2 қарашадағы Жарлығымен мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексіне мемлекеттік қызметшілердің ойын мекемесіне баруына тыйым салуды көздейтін өзгерістер енгізілгенін атап өтті.

Ювеналды соттың судьясы құқық қорғау органдары өкілдерімен онлайн дөңгелек үстел өткізді

06/12/2023

Ақтөбе облысының кәмелетке толмағандардың істері   жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Еркебұлан Әмребеков  «Қылмыстық істер бойынша процессуалдық шығындарды өндіру» тақырыбында  онлайн форматта дөңгелек үстел өткізді. 

Іс-шараға қалалық, аудандық прокуратуралар мен қалалық және аудандық полиция бөлімдерінің өкілдері қатысты.

Аудандық білім бөлімі басшысы пара алғаны үшін сотталды

05/12/2023

Ырғыз аудандық сотында қысқартылған тәртіпте пара алу (ҚК-нің 366-бабының 2-бөлігі) және парақорлыққа делдал болу (ҚК-нің 368-бабының 1-бөлігі) айыбымен сотқа берілген А. және М.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Істің фабуласы

Сотта анықталғандай, 2023 жылғы қыркүйекте сотталушы М.-ға туысы келіп, өзінің әйелін ауылдық орта мектебіне жұмысқа орналастыруға көмек сұраған. Өз кезегінде М. өзінің туысы А. «Ырғыз ауданының білім бөлімі» ММ басшысы екенін біле тұра, аталған әйелді мектепке жұмысқа қабылдауға өтініш білдірген.

Апелляция сотталған мемлекеттік қызметшіге тағайындалған айыппұл жазасын бас бостандығынан айыру жазасына өзгертті

01/12/2023

Ақтөбе облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы Мұғалжар аудандық сотының Б. және Н.-ға қатысты үкімін апелляциялық тәртіпте қарады.

Тағылған айып

Б. аудандық полиция бөлімі басшысының орынбасары бола тұра, қылмыстық істің оң аяқталуы үшін 900 000 теңге қаражатты Н. көмегі арқылы алуды көздеді, алайда сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметпен ұсталған.

Бірінші сатыдағы соттың үкімі

Ювеналды соттың судьясы бала құқықтары туралы дәріс оқыды

29/11/2023

Ақтөбе облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Айтпатша Мусина Ақтөбе қаласындағы №28-ші орта мектебінің мұғалімдері мен 8-9 сынып оқушыларымен кездесу өткізді.

Әкімшілік соттың бас маманы «Сөзіңіз аузыңызда» телебағдарламасында сөз сөйледі

29/11/2023

Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының бас маманы А.А.Шекенова «Рика ТВ» телеарнасының «Сөзіңіз аузыңызда» телебағдарламасына қатысты.

Сұхбат барысында бас маман сот ісін жүргізудегі мемлекеттік тілдің рөлі, бүгінгі күнгі қолдану жағдайы туралы айтты. Спикер сот ісін жүргізуде және іс қағаздарының жүргізілуінде тіл туралы заңнама нормаларының толыққанды қолданылуына кедергі келтіретін проблемалық мәселелерді талқыға салды.

Сот әкімшілігінің Ақтөбе облысы бойынша Департаменті өкілдері студенттермен кездесу өткізді

24/11/2023

ҚР Жоғарғы Соты Төрағасының хаттамалық тапсырмасын орындау мақсатында, бүгін құжат айналымы бөлімінің басшысы Нұрбек Қарақұлов және кадр бөлімінің басшысы Айымгүл Естурлина Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік  университетінің экономика және құқық факультеті 4 курс студенттерімен кездесу өткізді.

Сот қызметкерлері сот мамандары мен судьялыққа кандидаттарды іріктеу жүйесі, кандидаттарға қандай талаптар қойылатынын, Сот төрелігі Академиясы,  Сот жюриі және Жоғары Сот кеңесінің жұмыстары туралы егжей-тегжейлі айтып берді.

Беттер