Жаңалықтар

Ақтөбеде түнгі клубта екі адамды өлтіргендерге қатысты үкім шықты

21/11/2023

2023 жылғы 21 қарашада Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында «Миллиардер» түнгі клубында  болған ауыр және аса ауыр қылмыстар жасаған тұлғаларға қатысты сот үкімі жарияланды.

Адам өлтіру, адам өлтіруге оқталу, адам ұрлау, жасалғаны анық белгiлi аса ауыр қылмыс туралы хабарламау, ауыр және аса ауыр қылмысты күні бұрын уәделеспей жасырып қалу деген айыппен сотқа 16 адам берілді.

Сотпен анықталды.

"Мемлекеттік қызметкерлердің этикасы" тақырыбы бойынша семинар өткізілді

20/11/2023

Ақтөбе қаласының №2 сотында «Мемлекеттік қызметкерлердің этикасы» тақырыбы бойынша семинар өткізілді. Іс шараға Ақтөбе қаласының №2 сотының сот әкімшісі мен сот мамандары қатысты.

Семинардың мақсаты: сот мамандарының моральдық-адамгершілік бейнесін және іскерлік қасиеттерін арттыру.

Семинардың барысында баяндамашы – сот әкімшісінің басшысы А.Ш.Таргенова Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінің негізгі нормаларын ашып талдады.

Материалдық зиянды өндіріп алу туралы дау медиация тәртібімен реттелді

17/11/2023

Ақтөбе облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына талап қоюшы К.-ден материалдық және моральдық зиянды өндіру туралы талабы келіп түсті .

Талап қоюшының сотқа жүгінуіне, кәмелетке толмаған балалар ауылдың шет жағында орналасқан қабірлерінің (зират) арасымен өтіп келе жатып, талап қоюшының ата-анасының қабірлеріне зақым келтіруі себеп болған. Талап қоюшы соттан келтірілген зиянның өтеуін сұрады.

Өзара ынтымақтастық туралы меморандум жасалды

14/11/2023

Ақтөбе облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында «Право» қоғамдық қорының судьялары мен өкілдерінің қатысуымен «Отбасылық қатынастарды қолдау мен сақтаудағы отбасылық психолог пен медиатордың рөлі» атты тақырыпта дөңгелек үстел өткізілді.

Қатысушылармен жасөпірімдердің мүдделерін қозғайтын негізгі мәселелер, сондай-ақ, отбасылық қатынастағы жанжалдың туындау себептері туралы бірқатар мәселелер талқыланды.

Ювеналды сотта медиаторлардың татуластыру рәсімдеріне қатысу мәселелері талқыланды

31/10/2023

Ақтөбе облысының кәмелетке толмағандардың істері   жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Ақтөбе облысының медиаторлар консорциумы өкілдерінің қатысуымен «Татуластыру  рәсіміне медиаторлардың қатысуы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Судья Айпатша Мусина дөңгелек үстелдің жұмысын аша отырып, кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың соттылығы азаматтық істердің жаңа санаттарымен кеңейтілгенін, оған сәйкесінше заңнамалық актілерге енгізілген өзгерістерге егжей-тегжейлі тоқталды.

«QNET» компаниясының құрылымдық бөлімшесінің басшысына қатысты үкім жарияланды

27/10/2023

Ақтөбе қаласының №2 сотымен аса ірі мөлшерде ақшаны не өзге мүлікті тарта отырып қаржылық пирамиданы құру және оған басшылық ету (ҚК 217-б, 3-б., 2т.) және қылмыстық жолмен алынған ақшаны және өзге мүлікті заңдастыру (ҚК 218-б., 2-б. 1-т.) айыбымен сотқа берілген Ж.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Қысқаша фабула

Судья телеарнада сұхбат берді

24/10/2023

Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының судьясы Жеңіскүл Сұлтанова «Aqtobе» телеарнасының «Закон КZ» бағдарламасында сұхбат берді.

Ақтөбе облыстық сотында Республика күніне арналған салтанатты жиын өттіі

23/10/2023

Бүгін Ақтөбе облыстық сотында ұлттық мерекеміз Республика күніне орай салтанатты іс-шара өткізілді.

Мерекелік іс-шараның ашылу салтанаты Қазақстан Республикасының Әнұранын шырқауынан басталды.

Облыстық сот төрағасы Айдар Смағұлов осы айтулы күнмен әріптестерді құттықтай келе, Декларация отанымыздың тарихында Қазақстанды дербес, егемен мемлекет ретінде анықтаған, конституциялық мәндегі алғашқы жаңа акті болды және ұлттық заңды жасауға жол ашты. «Ғасырлар бойы азаттықты аңсаған халқымыздың Тәуелсіздікке қол жеткізудің бірінші қадамы болды» - деді өз сөзінде.

«Сот органдарынан шығатын құжаттарға апостиль қою» мемлекеттік қызмет көрсету бойынша семинар өткізілді

19/10/2023

Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің ұйымдастыру-талдау бөлімінің бас маманы К.Сагинбаевпен «Сот органдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою» мемлекеттік қызмет бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Ақтөбе облысы бойынша филиалы Халыққа қызмет көрсету бойынша Ақтөбе қаласының №3 бөлімі қызметкерлерінің қатысуымен семинар өткізілді.

Облыстық сот басшылығы отставкадағы судьяларды мерейтойымен құттықтады

19/10/2023

Облыстық соттың төрағасы Айдар Смағұлов пен Судьялар одағы филиалының төрағасы Нұрлыбек Ормаханов отставкадағы судьялар Рауия Кубаевна Қостанова мен Балслу Сағанғалиқызы Мушатованы мерейтойымен құттықтады.

11 қазан күні құрметті отставкадағы судья Рауия Кубаевна 65 жасқа толды.​

Беттер