Өзара ынтымақтастық туралы меморандум жасалды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтөбе облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында «Право» қоғамдық қорының судьялары мен өкілдерінің қатысуымен «Отбасылық қатынастарды қолдау мен сақтаудағы отбасылық психолог пен медиатордың рөлі» атты тақырыпта дөңгелек үстел өткізілді.

Қатысушылармен жасөпірімдердің мүдделерін қозғайтын негізгі мәселелер, сондай-ақ, отбасылық қатынастағы жанжалдың туындау себептері туралы бірқатар мәселелер талқыланды.

Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша сот төрағасы Ержан Құрманов пен «Право» қоғамдық қорының төрағасы Ольга Рыль өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.

Бірлескен қызметтің негізгі міндеттері:

- отбасы институтын нығайтуға бағытталған мақсаттарға қол жеткізу;

- ажырасуға бастамашы болған ерлі-зайыптыларға психологиялық, консультациялық және өзге де көмек көрсету;

- соттарда татуластыру құралдарын белсенді қолдану;

- балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету.

Меморандум отбасылық мәселелерді «Отбасын ресурстық қолдау орталықтарын» ұйымдастыру арқылы шешуді көздейді.

Қойылған міндеттерді іске асыру үшін сотта балалар психологтарынан басқа, отбасылық психологтарға арналған жеке кабинет ашылды. Татуластыру рәсімдерін кеңінен қолдану үшін медиатордың қызметтерін көрсету көзделген.

Сонымен қатар, тараптардың бірі Қазақстан Республикасынан тыс жерде болса да, кәмелетке толмаған балаларға психологиялық зерттеу жүргізу, сондай-ақ, олардың ата-аналарымен әңгімелесуді ұйымдастыру мүмкіндігі қарастырылған.

 

Источник: 
Ақтөбе облысының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі