Жаңалықтар

Дөңгелек үстелде жаза тағайындау мәселелері талқыланды

19/10/2023

Ақтөбе қаласы №2 сотының төрағасы А.К.Молдағалиев қалалық прокуратура және қалалық полиция бөлімі қызметкерлерінің қатысуымен «Қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңілдететін және ауырлататын мән-жайлар» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.

Дөңгелек үстелдің мақсаты: қылмыстың қоғамдық қауіптілік дәрежесін және жаза тағайындау кезінде қылмыстық жауаптылықты жеңілдететін және ауырлататын мән-жайларды айқындау кезінде өзекті мәселелерді талқылау.

Ақтөбе облыстық сотының ұжымы судьяларды құрметті отставкаға шығуымен құттықтады.

10/10/2023

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен облыстық сот судьясы Жанна Қуандыққызы Әлішева және Ақтөбе қаласы №2 сотының судьялары Оралбек Әбішұлы Бақтыгереев пен Жанас Базарұлы Қуанышев отставкаға шығуына байланысты лауазымынан босатылды.

Ақтөбе Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының бұрынғы басқарма төрағасына (Ақтөбе облысының бұрыңғы әкімі) қатысты қылмыстық іс бойынша үкім жарияланды

10/10/2023

Е.Имантаев ҚР ҚК-нің 189-бабы 4-бөлігінің 2-тармағы бойынша, яғни сеніп тапсырылған бөтен мүлікті аса ірі мөлшерде ұрлады деген айып бойынша сотқа берілді.

 

Сотпен анықталды:

Е.Имантаев Ақтөбе ӘКК басқарма төрағасы бола тұра, «Садовое» тұрғын үй алабында орналасқан көлемі 24 га  жер учаскесін, бағасын 10 есе түсіріп заңсыз түрде сатқан.

Сот жүйесінің ардагері «Ақтөбе қаласының құрметті азаматы» атанды

06/10/2023

Облыстық мәслихаттың кезекті сессиясының шешімімен отставкадағы судья Бекқожа Балғожаұлы Тайғожиевке «Ақтөбе қаласының құрметті азаматы» атағы берілді.

Б.Тайғожиев - отставкадағы судья, «Үш би», «Облыстың үздік судьясы», «Ақтөбе облысының үздік заңгері», «Ойыл ауданының құрметті азаматы» құрмет белгілерінің иегері.

Судья телеарнада сөз сөйледі

29/09/2023

Ақтөбе қаласы №3 сотының судьясы Назгүл Баженова «Aqtobe» телеарнасының «ЗаңKZ» бағдарламасында «Сенімхат бойынша өкілдік ету» атты тақырыпта сұхбат берді.

Судья сұхбат барысында сенімхат бойынша өкілдік ету және оның қолданылу аясы жайлы тарқатты. Сондай-ақ, спикермен азаматтар өз істерін сотта жеке өздері немесе өкілдері арқылы жүзеге асыруға құқылы екендігі, іске азаматтың өзінің қатысуы оны іс бойынша өкілі болып қатысу құқығынан айырмайтыны туралы түсіндірілді.

Бүгін Жоғары Сот Кеңесінің мүшесі Ғафур Хамзеұлы Шаров Ақтөбе облысында заңгерлермен көшпелі кездесу өткізді

28/09/2023

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңына және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне процестік заңнаманы жетілдіру және сот жүйесін реформалау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойды.

Ақтөбе қаласы №2 сотының судьясы телебағдарламада сөз сөйледі

21/09/2023

Ақтөбе қаласы №2 сотының судьясы Оралбек Бақтыгереев «Aqtobe» телеарнасының «ЗаңKZ» бағдарламасында «Қылмыс пен жаза» атты тақырыпта сұхбат берді.

Судья сұхбат барысында қылмыстық жаза және оның түрлері, орындалуы мен жазадан босатуға негіз болатын мән-жайлар туралы тарқатты.

Сонымен қатар, спикер қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылған адамға заң талаптарына сай жаза қолданылатыны және қылмыс жазасыз қалмайтыны туралы баяндап, қаралған қылмыстық істер бойынша сот тәжірибесінен мысалдар келтірді.

 

 

Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотында дөңгелек үстел өткізілді

18/09/2023

Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотында «Тұрғын үй қатынастарынан туындайтын дауларды қарау мәселелері» атты тақырыпта дөңгелек үстел өткізілді.

Іс-шараға сот төрағасы мен судьялары, Полиция департаменті, Қылмыстық - атқару жүйесі департаменті, Ақтөбе қалалық №8 мекемесі, әскери бөлімі, Ақтөбе қаласы Тұрғын үй қатынастары бөлімі басшылары мен заңгерлері қатысты.

Соттың хабарламасы бойынша

12/09/2023

Ақтөбе облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің (бұдан әрі – ӘҚБтК) 127-бабы 3-бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін «Н»-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы ісі қаралды.   

Қысқаша фабула

Ақтөбеде жаңартылған ювеналды сот есігін ашты

04/09/2023

Жаңартылған соттың ашылу іс-шарасына азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Разия Ахметова, судьялар мен сот ұжымы, сот әкімшілігі Департаментінің басшысы Бағлан Бейсенбаев қатысты.

Беттер