Жаңалықтар

Қобда ауданында Әлия Молдағұлованы еске алуға гүл шоқтары қойылды

16/01/2024

14 қаңтарда Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың құрметіне ескерткішке гүл шоқтарын қою рәсімі өтті.

Іс-шараға Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Бұлбұл Елеусінова, аудан әкімі Ізгілік Тынымгереев, Қобда аудандық сотының төрағасы Бақытбек Омаров, мемлекеттік органдардың өкілдері мен ақсақалдар қатысты.

Іс-шараны облыстық білім басқармасы ұйымдастырды.

Қатысушылар барлықтарына алғыстарын білдіріп, соғыстың қатал жылдарында әйелдер ерлермен қатар соғыс уақытындағы барлық ауыртпалықтарды көтеріп, батырлықпен өз халқының жүрегін жаулап алғанын атап өтті.

Сот журналистке қатысты жала жабу туралы іс жүргізуді тоқтатты

16/01/2024

Ақтөбе қаласының әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты, көпшiлiк алдында немесе бұқаралық ақпарат құралдарын немесе телекоммуникациялар желілерін пайдалана отырып жала жабу, яғни басқа адамның абыройы мен қадiр-қасиетiне нұқсан келтiретiн немесе оның беделiн түсiретiн көрiнеу жалған мәлiметтер тарату фактісі бойынша А - ға қатысты істі қарады (ҚР ӘҚБтК 73-3-бабы 2-бөлігі).

Ақтөбе облысы бойынша Сот әкімшілігі Департаменті 2023 жылдың жұмысын қорытындылады

15/01/2024

Қазақстан Республикасының Сот Әкімшілігінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті 2023 жылда атқарған жұмыстар бойынша қорытынды жиын өткізді.

Жұмыс отырысын Ақтөбе облысы бойынша Сот әкімшілігі департаментінің басшысы Бағлан Бейсенбаев ашты.

Іс шараға Департамент басшысының орынбасары, бөлім басшылары, қалалық және аудандық сот әкімшілерінің басшылары қатысты.

Жұмыс кеңесінің күн тәртібіне сәйкес, Департамент бөлімдерінің басшылары есепті кезеңде Сот әкімшілерінің жұмысын бағалау туралы баяндама жасады.

Ақтөбе облысы соттарының 2023 жылғы жұмысын қорытындыланды

15/01/2024

Ақтөбе облыстық сотында облыс соттарының 2023 жылғы жұмысын қорытындылау бойынша кеңейтілген кеңес өтті.

Кеңейтілген кеңес жұмысына облыстық соттың төрағасы Айдар Смағұлов, облыстық соттың сот алқаларының төрағалары мен судьялары, қалалық және аудандық соттардың төрағалары мен судьялары, Сот әкімшілігі Ақтөбе облысы бойынша департаментінің басшылығы қатысып, 2023 жылғы жұмыс қорытындысы бойынша баяндамалар тыңдалды.

Сотпен митингке шақыру туралы әкімшілік іс бойынша іс жүргізу тоқтатылды

15/01/2024

Ақтөбе қаласының әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы Заңнаманы бұзу фактісі бойынша А.- ға қатысты іс қаралды (ҚР ӘҚБтК 488-бабы 7-бөлігі)

А.-ға қатысты толтырылған әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттамаға сәйкес,  2024 жылдың 10 қаңтарында ол «WhatsApp» мессенджерінде адамдар тобына ұсталған азамат С.-ны қолдап, Алматы қаласында полиция ғимаратының алдында жиналуға шақыратын аудиожазба жолдаған.     

Судья «РИКА-ТВ» телеканалының тікелей эфирінде сөз сөйледі

03/01/2024

Ақтөбе қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі  мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Серік Аманғалиұлы «РИКА-ТВ» телеканалының «Из первых рук» бағдарламасында болып, Қазақстан Республикасы  Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің қоғамдық тәртiпке және имандылыққа қол сұғатын әкiмшiлiк құқық бұзушылықтары жөнінде, оның ішінде 434-бабы туралы сөз қозғады.

Хабар барысында судья Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне енгізілген өзгерістер туралы және аталмыш істерді қарау барысында кездесетін қиындықтарды атап өтті.

Құрметті оқырмандар!

29/12/2023

Сіздерді алда келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Міне, тағы бір жылды тарих қойнауына тапсырып, жаңа жылмен қауышқалы отырмыз. «Өткен жылға өкпе жоқ, жаңа жылдан үміт көп» демекші, жаңа жылдың қарсаңында өткен жылға қорытынды жасап, келесі жылға жоспар құру дәстүрлі іс.

Облыстық сот басшылығы сот жүйесі ардагерлерін мерейтойымен құттықтады

27/12/2023

Облыстық соттың төрағасы Айдар Смағұлов, Судьялар одағы филиалының төрағасы Нұрлыбек Ормаханов және ардагерлер кеңесінің төрағасы Бағатай Ізтай отставкадағы судьяларды мерейтойларымен құттықтады.

16 желтоқсан күні сот жүйесінің ардагері Светлана Николаевна Кононенко 80 жасқа толды.

Светлана Николаевна сот жүйесіндегі еңбек жолын 1970 жылы Ақтөбе облысы Новороссийск ауданының халық судьясы ретінде бастап, 1990-1995 ж.ж. Ақтөбе қалалық сотының судьясы қызметін атқарып, құрметті отставкаға шықты.

Беттер