Жаңалықтар

Шалқар қаласының мектептерінде оқушылармен кездесу өткізілді

07/02/2024

Шалқар аудандық сотының төрағасы Сақыпжамал Дәріқұлова және сот әкімшісінің басшысы Нұржамал Ерниязова  Шалқар қаласы №1, 2 мектеп-гимназияларының  11-сынып оқушыларымен кездесті.

Сот төрағасы  оқушыларға аудандық соттың тарихы, қаралатын істердің ерекшеліктері, судьялыққа үміткерлерді таңдау принциптері, сот төрелігі Академиясында оқу  ерекшелігі жөнінде айтып өтті.

Сот Хромтау тұрғынының кінәсіздігін анықтады

30/01/2024

Хромтау қаласының тұрғыны Р.-ға қатысты 26.12.2023 жылы сағат 08:59 шамасында, жаяу жүргіншіге жол бермей, оны қағып кеткені туралы әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар толтырылған.

Сот отырысында азамат Р. кінәсін мойындамай, іс материалдарына  тіркелген фото және бейнежазбада түсірілген автокөліктің өзіне тиесілі емес екенін түсіндірді. Ол ешкімді қақпадым деп мәлімдеді.

Судья «Алаяқтарға алданғандар» атты тақырыпта ток-шоуға қатысты

30/01/2024

Ақтөбе қаласының №2 сотының судьясы Динара Гильманова «Aqtobe» телеарнасының алаяқтық тақырыбына арналған «Көп нүкте» ток-шоуының шығарылымына спикер ретінде қатысты.

Ток-шоуға қатысушылар алаяқтық жалпы экономика саласындағы, атап айтқанда меншікке қарсы қылмыстар арасында ең көп таралған қылмыстардың бірі болып қала беретінін жеткізді.

Талқылау барысында, судья тыңдаушыларға қылмыстық іс материалдарының ішінен жәбірленушілердің мүлкін ұрлаудың ең көп тараған тәсілі алдау немесе сенімін асыра пайлалану екенін атап өтті.

Мәртөк аудандық сотының төрағасы ҚР Жоғарғы Сотының нормативтік қаулысына енгізілген өзгерістері бойынша түсіндіру іс-шараларын өткізді

30/01/2024

Дөңгелек үстелдің  мақсаты «Соттардың Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің Жалпы бөлігінің нормаларын қолдануының кейбір мәселелері туралы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтік қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» тақырыпта және әкімшілік істерді қарау барысында сот практикасында туындайтын мәселеле сұрақтарды талқылау.

Талқылауға Мәртөк ауданының жергілікті құқық қорғау органдары мен шекара қызметінің қызметкерлері қатысты.

Облыстық сот судьялары адвокаттармен кездесті.

29/01/2024

Ақтөбе облыстық сотының судьялары Нұрлыбек Ормаханов және Нұргүл Танкиева Ақтөбе облысы бойынша адвокаттар алқасының адвокаттарымен кездесті.

Кездесудің мақсаты сот жүйесіне жоғары білікті мамандарды тарту болып табылады.

Спикерлер судьялық - бұл сөзсіз күрделі, жауапты жұмыс екенін және кандидаттарды іріктеу кезінде кәсіби білімі, дағдылары мен тәжірибесіне ғана емес, сонымен қатар жұмыс үшін маңызды жеке, моральдық қасиеттері бағаланатынын атап өтті.

Судьялар конкурстық рәсімдер, біліктілік емтиханы мен судьяны тағайындау тәртібі бойынша егжей-тегжейлі түсіндірді.

Облыстық сот мемлекеттік органдармен кездесу өткізді

25/01/2024

Ақтөбе облыстық соты судьялыққа үміткерлер үшін мемлекеттік органдармен және заңды қоғамдастық өкілдерімен ақпараттық түсіндіру жұмыстары жалғастыруда.

Судьялар корпусына жоғары білікті мамандарды тарту мақсатында,  облыстық соттың судьялары Гульнара Тілепова және Нүриля Джиембаева, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Департаменті қызметкерлерімен кездесу өткізді.

Құқықтық сауаттылық - заман талабы

25/01/2024

Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының судьясы А.Ж.Абилгазина және бас маман А.А.Шекенова Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының студентерімен кездесу өткізді.

Кездесу барысында судья мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының жұмысы туралы, атап айтқанда, әкімшілік сот ісін жүргізу ерекшеліктерін түсіндірді. Сонымен қатар сот корпусына маман тарту мақсатында, судья лауазымының үміткеріне қойылатын талаптар мен конкурс тәртібі туралы айтты.

Облыстық соттың судьялары мемлекеттік органдармен кездесу өткізді

23/01/2024

Ақтөбе облыстық соты судья болғысы келетін адамдар үшін мемлекеттік органдармен және заңды қоғамдастық өкілдерімен ақпараттық түсіндіру жұмыстары жалғастыруда.

Судьялар корпусына жоғары білікті мамандарды тарту мақсатында,  әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Ербол Төлеев, облыстық соттың судьялары Әлия Назарова, Гүлнара Тілепова және Нүриля Джиембаева мемлекеттік кірістермен басқару мекемесі және Ақтөбе облыстық прокуратура қызметкерлерімен кездесу өткізді.

«Соттарда Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің жалпы бөлімінің нормаларын қолдануының кейбір мәселелері туралы" атты тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді

22/01/2024

Ақтөбе облыстық сотының және Ақтөбе қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьялары Ақтөбе облысы бойынша полиция Департаментімен бірлесіп «Соттарда Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің жалпы бөлімінің нормаларын қолдануының кейбір мәселелері туралы" атты тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.

Дөңгелек үстелдің жұмысын аша отырып, облыстық соттың судьясы Гүлнара Тілепова қатысушыларды қарсы алып, іс-шараны өткізуге заңнамалық актілерге енгізілген өзгерістер себеп болғанын түсіндірді.

Облыстық сотының басшылығы отставкадағы судьяны мерейтойымен құттықтады

18/01/2024

Ақтөбе облыстық сотының төрағасы Айдар Смағұлов, Судьялар одағы филиалының төрағасы Нұрлыбек Ормаханов және ардагерлер кеңесінің төрағасы Ізтай Бағатай отставкадағы судья Тайғожиев Бекқожа Балғожаұлын мерейтойымен құттықтады.

17 қаңтарда құрметті отставкадағы судья Бекқожа Балғожаұлы 75 жасқа толды.

Беттер