Архив событий

07/03/2014

Баспасөз парақшасы

07/03/2014

        1. Ақтөбе қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында 06 наурыз 2014 жылы ҚР ӘҚБтК-нің 79-3 бабының 2-бөлімімен С.Г.Никифороваға қатысты әкімшілік іс қаралды. Іс құжаттарында көрсетілгендей, С.Г.Никифорова 17.01.2014 жылы шамамен 17 сағат 45 минутта, Ақтөбе қаласындағы «Ақбота» балалар бақшасының ішінде араларында болған жанжал барысында азаматша А.Ш.Умбеталинаға қол жұмсап ұрып, оған жеңіл дәрежелі дене жарақатын салған. 

8 наурыз мерекесімен құттықтау

07/03/2014

Құрметті нәзік жанды судьялар мен кеңсе меңгерушілері,

сот мамандары!

 

Сіздерді көктемнің айтулы мерекесі Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын !

Бүгінгі бар тіршілік, жарық дүние, бақытты өмір әйел-ананың аяулы алақанында. Азамат баласына тән қасиетті, сұлулық пен махаббат, қайырымдылық пен ақылдылықтың бар болмысын шынайы рухына сіңірген ақ пейілді, дархан жүректі нәзік жандарымызға дүниедегі бар жақсылық атаулыны тілеймін.

Материалдық залал өндірілді

07/03/2014

Ақтөбе қалалық сотында Т.-нің С.-ге және Е.-ге қарсы жол көлік оқиғасының салдарының келтірілген материалдық залалды және моральдық нұқсанның орнын толтыру туралы азаматтық іс қаралды.

Талаптыға талас жоқ

07/03/2014

2013 жылдың ең үздік судьясы болып Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының төрағасы Ермек Кенжетайұлы Канапиев танылды. Кәсіби конкурстың жеңімпазы облыс судьяларының мәслихатында ашық дауыс беру арқылы бір ауыздан сайланды. Жыл сайын болатын «Облыстың ең үздік судьясы» атағына иелену конкурсын жүргізу туралы Ереженің басты талабы судьяның өткен кезеңде сот төрелігін жүзеге асыруда сапалы нәтиже көрсетуі, сондай-ақ ҚР Судьялар Одағы филиалының қоғамдық өміріне белсене қатысуы болып табылады.