Архив событий

28/03/2014

Пресс-релиз

28/03/2014

 

2014 жыл 26 наурызында «Әділ сөз» сайтында «В Казахстане впервые выдан ордер на арест журналиста по делу о клевете» мақала және «ИА Новости Казахстана», «Tengrinews.kz» және басқа да электрондық сайттарда журналист Наталья Садыковаға қатысты жала жабу айыбы бойынша қылмыстық іс қозғалып, сот оған сырттай түрде қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын қолданғаны жөнінде мақала жарық көрген болатын.

Ішкі істер бөлімінің қызметкерлеріне қарсылық көрсеткен

28/03/2014

Мәртөк аудандық сотында ҚР ҚК-нің 321 бабының 1 бөлігімен қылмыстық іс қаралды. Қылмыстық іс бойынша сотталушы аз. М. алкогольдық мас күйінде, Мәртөк ауданы Мәртөк ауылында 28.12.2013 жылы сағат 21-30 шамасында өзінің жеке көлігін басқарып Ақбұлақ көшесіне шыққан жолды жауып қойған кезде Мәртөк аудандық ІІБ-нің қоғамдық тәртіпті күзету кезекшісі полиция қызметкері қасына келіп, аз.М.-тан құжаттарын сұраған. Аз.М. құжаттарын бермей қарсылық көрсеткен, сол кезде полиция қызметкері  кезекші бөлімнен қосымша көмек шақырған.