Ішкі істер бөлімінің қызметкерлеріне қарсылық көрсеткен

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Мәртөк аудандық сотында ҚР ҚК-нің 321 бабының 1 бөлігімен қылмыстық іс қаралды. Қылмыстық іс бойынша сотталушы аз. М. алкогольдық мас күйінде, Мәртөк ауданы Мәртөк ауылында 28.12.2013 жылы сағат 21-30 шамасында өзінің жеке көлігін басқарып Ақбұлақ көшесіне шыққан жолды жауып қойған кезде Мәртөк аудандық ІІБ-нің қоғамдық тәртіпті күзету кезекшісі полиция қызметкері қасына келіп, аз.М.-тан құжаттарын сұраған. Аз.М. құжаттарын бермей қарсылық көрсеткен, сол кезде полиция қызметкері  кезекші бөлімнен қосымша көмек шақырған. Полиция наряды аз.М-ты Мәртөк аудандық орталық ауруханасына алкогольдық маскүнемдікті куәландыру үшін жеткізілген. Алайда ауруханада аз.М. өзін дөрекі ұстап, қатты сөйлеп маскүнемдікті куәландырудан бас тартқан. Ішкі істер бөлімі қызметкерлерінің куәландырудан өту туралы заңды талабына қарамастан, қасақана полиция қызметкерінің бет жағына бір рет жұдырығымен ұрған, сонымен полиция қызметкеріне жеңіл дәрежеде денсаулығына зиян келтірген. Сот  сотталушыны кінәлі деп танып, оған 1 жылға бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады.                                                                                                                                                                                                                                                                                                 

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

                                                                                                                                                  Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі.

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі