Пресс-релиз

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

 

2014 жыл 26 наурызында «Әділ сөз» сайтында «В Казахстане впервые выдан ордер на арест журналиста по делу о клевете» мақала және «ИА Новости Казахстана», «Tengrinews.kz» және басқа да электрондық сайттарда журналист Наталья Садыковаға қатысты жала жабу айыбы бойынша қылмыстық іс қозғалып, сот оған сырттай түрде қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын қолданғаны жөнінде мақала жарық көрген болатын.

Осыған байланысты төмендегі хабарланады. 2014 жылдың 17 наурыздағы Ақтөбе қаласының №2 сотының қаулысына сәйкес Н.С.Садыковаға жала жабу жеке айыбы бойынша М.С.Итегуловтың шағымымен іздеу жариялап, қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы тағайындалған болатын.

М.С.Итегулов өз шағымында 23.12.2013ж. бұрақаралық ақпарат құралдары, «Республика» электронды басылымында Бахыт Ильясованың авторлығымен М.С.Итегуловтың ар-намысы, қадір-қасиетіне нұқсан келтіретін, сондай-ақ іскерлік беделін түсіретін жала жабу түрінде ақпаратты қамтитын «Тендеров в Актобе на всех не хватает» атты мақала жарияланғаны көрсеткен.

Іс материалында анықталғандай, Н.С.Садыкова сотқа екі рет 2014ж. 07 наурызда және 17 наурызда сот қаулысын табыстауға, құқығы мен міндеттерін түсіндіруге шақырылған. Алайда, Н.С.Садыкова сот отырысы жөнінде тиісінше хабарланғанына қарамастан, тағайындалған уақытта сотқа келмей, өзінің келмеу себебін сотқа хабарламаған. Оны сотқа мәжбүрлеп әкелу үшін тұрғылықты жеріне барған уақытта оның аталған мекен-жайда тұрмайтыны анықталды.

Сотталушының сотқа келуін қамтамасыз ету шаралары нәтиже бермегенінен кейін сотпен сотталушы Н.С.Садыкова өзінің пәтерін иелігінен шығарып, Қазақстан Республикасының шекарасынан шығып кеткені анықталды.

Аталған мән-жайлар Н.Садыковаға іздеу жариялап, оған қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын қолдану арқылы өндірісті тоқтатуға негіз болды. Қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын таңдау сотқа сотталушының орны белгісіз, оның республика шекарасынан шыққаны туралы ақпараттың болуымен себептелген.

Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ және апелляциялық тәртіпте шағымдалып, наразылық келтірілуі мүмкін. Сотталушының қорғаушымен қамтамасыз ету құқығы сақталып, ол кәсіби адвокатпен қамтамасыз етілген, сондай-ақ оны іздеу жариялау туралы қаулы ҚР СО БААТЖ бағдарламасының Сот істерінің анықтамалығы бойынша қол жетімді. 

 

 

Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі