Архив событий

20/03/2014

Наурыз мерекесімен құттықтау

20/03/2014

Бүгін Ақтөбе облыстық сотының судьяларының жалпы отырысында сот төрағасы Е.Ж.Айтжанов судьялар мен сот мамандарын Ұлыстың Ұлы күні - Наурыз мерекесімен құттықтап, жылы лебізін білдірді. Шығыс халықтарына ортақ үлкен мейрам Наурыз - бірліктің, татулықтың, ізгіліктің, бақыттың мерекесі келіп жетті. Ақтың молаятын, жарықтың ұзаратын, нұрдың молығатын, тіршіліктің жаңаратын, өмірдің жаңғыратын, пейілдің түзелетін, көңілдің кеңейетін кезеңі - наурыз мейрамы құтты болсын!