Баспасөз парақшасы

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

        1. Ақтөбе қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында 06 наурыз 2014 жылы ҚР ӘҚБтК-нің 79-3 бабының 2-бөлімімен С.Г.Никифороваға қатысты әкімшілік іс қаралды. Іс құжаттарында көрсетілгендей, С.Г.Никифорова 17.01.2014 жылы шамамен 17 сағат 45 минутта, Ақтөбе қаласындағы «Ақбота» балалар бақшасының ішінде араларында болған жанжал барысында азаматша А.Ш.Умбеталинаға қол жұмсап ұрып, оған жеңіл дәрежелі дене жарақатын салған. 

         С.Г.Никифорова ҚР ӘҚБтК-нің 79-3 бабының 2-бөлімімен кінәлі деп танылып, осы бап бойынша оған 129640 теңге әкімшілік айыппұл жазасы өндірілді.

         Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ. Іс бойынша тараптар қаулыны алған күннен бастап он күн ішінде оған шағым келтіруге құқылы.

 

        2. Ақтөбе қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында 06 наурыз 2014 жылы ҚР ӘҚБтК-нің 330 бабының 1-бөлімімен С.Г.Никифороваға қатысты әкімшілік іс қаралды. Іс құжаттарында көрсетілгендей, С.Г.Никифорова 17.01.2014 жылы шамамен 17 сағат 45 минутта, Ақтөбе қаласындағы «Ақбота» балалар бақшасының ішінде, яғни қоғамдық орында төңірегіндегілерге сыйламаушылық білдіріп, айқай-шу шығарып, азаматша А.Ш.Умбеталинаны лас сөздермен балағаттаған. 

         С.Г.Никифорова ҚР ӘҚБтК-нің 330 бабының 1-бөлімімен кінәлі деп танылып, осы бап бойынша оған 18520 теңге әкімшілік айыппұл жазасы өндірілді.

Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ. Іс бойынша тараптар қаулыны алған күннен бастап он күн ішінде оған шағым келтіруге құқылы.

 

          3. Ақтөбе қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында 06 наурыз 2014 жылы ҚР ӘҚБтК-нің 79-3 бабының 2-бөлімімен А.Ш.Умбеталинаға қатысты әкімшілік іс қаралды. Іс құжаттарында көрсетілгендей, А.Ш.Умбеталина 17.01.2014 жылы шамамен 17 сағат 30 минутта, Ақтөбе қаласындағы «Ақбота» балалар бақшасының ішінде кәмелетке жасы толмаған А.А.Никифоровты ұрып-соғып, оған жеңіл дәрежелі дене жарақатын салған. Алайда сот мәжілісінде  А.Ш.Умбеталинаның кінәсі анықталған жоқ, оған тағылған кінә іс құжаттарымен және куәлардың түсініктемелерімен теріске шығарылды.

         А.Ш.Умбеталинаның іс-әрекетінде құқық бұзушылықтың құрамы болмағандықтан, оған қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 79-3 бабының 2-бөлімімен қозғалған әкімшілік іс қысқартылды.

Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ. Іс бойынша тараптар қаулыны алған күннен бастап он күн ішінде оған шағым келтіруге құқылы.

Сондықтан, аталған әкімшілік істер бойынша толық мәлімет сот қаулылары заңды күшіне енгеннен кейін ұсынылатын болады.

 

Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі