Талаптыға талас жоқ

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

2013 жылдың ең үздік судьясы болып Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының төрағасы Ермек Кенжетайұлы Канапиев танылды. Кәсіби конкурстың жеңімпазы облыс судьяларының мәслихатында ашық дауыс беру арқылы бір ауыздан сайланды. Жыл сайын болатын «Облыстың ең үздік судьясы» атағына иелену конкурсын жүргізу туралы Ереженің басты талабы судьяның өткен кезеңде сот төрелігін жүзеге асыруда сапалы нәтиже көрсетуі, сондай-ақ ҚР Судьялар Одағы филиалының қоғамдық өміріне белсене қатысуы болып табылады. 1997 жылы Мәскеу мемлекеттік заң академиясын тәмамдап, ол судьялық қызметте 10 жылдан астам мінсіз жұмыс өтілін жинаған адам. Ермек Кенжетайұлы қызметінде өзін сауатты әрі білікті заңгер ретінде танытқан тұлға. Өз жұмысында құзыретінен шықпайтын, істерді жедел әрі сапалы қарайтын судьялардың бірі. Ол үнемі өзінің біліктілігін арттырумен айналысып, заңнамаларға өзгерістер мен толықтырулар енгізілуін назардан тыс қалдырмайды. 2013 жылы қоғамдық жұмысқа белсене араласқаны үшін судьялар Одағының Орталық Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталған болатын.

Ермек Кенжетайұлы тек судья ғана емес, ол облыстық соттың спорттық командасының капитаны да. Сонымен, 2013 жылдың желтоқсан айында Ақтөбе облысының құқық қорғау органдары арасында өткен спартакиада кезінде мини-футболдан жүлделі орынға ие болды. Сонымен қатар, Ермек Кенжетайұлы қамқорлы әке, әрі үлкен парасат иесі.

 

Ақтөбе облыстық сотының

баспасөз хатшысы

Г.Мақсатқызы