Іс-әрекетінде қылмыс құрамының болмауына байланысты ақталды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен К. тағылған айып бойынша іс-әрекетінде қылмыс құрамының болмауына және жолдасының тарапынан болған өмірі мен денсаулығына қарсы қылмыстық қол сұғушылығынан  қажеттi қорғаныс шегiнен шығу кезiнде адам өлтіруіне байланысты ақталды.

Сотта анықталғандай, азаматша К. жолдасы алкогольдік еліту күйінде бола тұра үй ішінде қызғаныштан жанжал туғызып, ағаш оқтаумен сотталушының денесінің әр жеріне соққылар жасаған.

Азаматша К. өзінің өмірі мен денсаулығы үшін қорқып, жолдасының тарапынан көрсетіліп жатырған қорлықтан қорғану мақсатында, қолында пышағы болған жолдасының қолдарын өзінің қолымен ұстап, артқа қарай қайырып, өзінен әрі қарай итеріп жіберген.

Азаматша К. іс-әрекетінің нәтижесінде пышақ оның жолдасының кеуде тұсына еніп, көп қан кету салдарынан соңғы оқиға болған жерде көз жұмған. 

Сот азаматша К. бұл әрекетін қажеттi қорғаныс шегiнен шығу кезiнде жасаған қылмысы деп бағалап, сотталушыны ақтады.

Азаматша К. сот залынан босатылды.

Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес, әркімнің құқық субъектісі ретінде танылуына құқығы бар және өзінің құқықтары мен бостандықтарын, қажетті қорғанысты қоса алғанда, заңға қайшы келмейтін барлық тәсілдермен қорғауға хақылы.

Қылмыстық істі қарау нәтижесі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру өндірісін біржақты жүргізіліп, обьективті және жан-жақты тергелмегендігі үшін Ішкі Істер Департаментінің бастығының және Ақтөбе облысы прокурорының атына жекеше қаулы шығарылды.

Источник: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі