«Б» КОРПУСЫ МЕМЛЕКЕТТІК ӘКІМШІЛІК ҚЫЗМЕТТІҢ БОС ЛАУАЗЫМДАРЫНА БАЙҚАУ ЖАРИЯЛАЙДЫ

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппараты) Ақтөбе облыстық сотының Кеңсесі, 030019, Ақтөбе қаласы, Сатпаев көшесі, 2 «Б», тел. 8 (7132) 56-84-47, электрондық пошта d-2-1@da.sud.kz «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметтің бос лауазымдарына байқау жариялайды.
1.Бас маман-сот отырысының хатшысы (C-R-4, 13 бірлік): Ақтөбе қалалық соты - 9 бірлік; Ақтөбе облысы мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты; Ақтөбе қаласының мамандандырылған әкімшілік соты - 2 бірлік; Қарғалы аудандық сотының кеңсесі.
Функционалдық міндеттері: Сотқа түскен істер бойынша дайындау кезіндегі шараларды атқару, сот мәжілісінің хаттамаларын толық, дұрыс және уақытылы толтыру.
Қойылатын талаптар: Жоғары заңгерлік білім. Мемлекеттік өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санатта нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі барларға ортадан кейінгі заңгер білімі рұқсат етіледі. Мемлекеттік тілді меңгеру, компьютер жүйесімен жұмыс істей алу.

2. Сот кеңсесінің бас маманы C-R-4 - Темір аудандық соты (уақытша, негізгі қызметкер баласының күтіміне байланысты демалыстан шыққанға дейін 26.09.2014ж.);
Функционалдық міндеттері: статистикалық есеп жасау, мұрағат жұмысын жүргізу, сот кодификациясын жүргізу.
Қойылатын талаптар: Жоғары заңгерлік білім. Мемлекеттік өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санатта, нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі барларға ордатан кейінгі заңгер білімі рұқсат етіледі.

3. Сот приставы (C-R-5, 5 бірлік): Ақтөбе қалалық соты -2 бірлік, Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты; Ырғыз аудандық соты; Темір аудандық соты.
Функционалдық міндеттері: Судьяларды және сот процесіне қатысатын өзге тұлғаларды басқалай іс-әрекеттерді жасау кезінде күзетуді жүзеге асыру, кеңесу бөлмелерін, соттың басқа да үй-жайлары мен ғимараттарын күзетуді қамтамасыз ету. Сот приставының жұмысы туралы есепті әзірлеу.
Қойылатын талаптар: Жоғары немесе ортадан кейінгі заңгерлік білімі. Мемлекеттік тілді меңгеру, компьютер жүйесімен жұмыс істей алу.

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі