Ақтөбеде алқабилер қатысуымен қылмыстық іс бойынша үкім шықты

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында 29.02.2024 жылы ҚК-нің 297-бабының 3-бөлігінің 1,3-тармақтарымен айыпталған «И» және «К» қатысты үкім шықты.

«И» және «К» тағылған айып бойынша, адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен, аса iрi мөлшердегі есірткі заты-кептірілген марихуананы өткізу мақсатында заңсыз иемденген, сақтаған және тасымалдаған.

Сотта анықталды

Сотта қылмыстық іс алқабилердің қатысуымен қаралды.

Алқабилер алқасы істі қарау нәтижесі бойынша «И» мен «К»-нің есірткі затын өткізу мақсатымен заңсыз иемденіп, сақтап, тасымалдағанына туралы айыппен келіспейтіндері туралы шешім қабылдап, олардың әрекеттері ҚК-нің 296-бабының 4-бөлігімен дәрежеленуге жатады, себебі олар аса iрi мөлшердегі есірткі заты-кептірілген марихуананы өткізу мақсатынсыз заңсыз иемденген, сақтаған және тасымалдаған деген тұжырым жасады.

Алқабилер шешіміне сәйкес сотта сотталушылардың есірткі затын өткізу, сату мақсатында әрекет еткені дәлелін тапқан жоқ.

Алқабилердің шешімі негізінде сотталушылардың әрекеттері ҚК-нің 296-бабының 4-бөлігіне қайта дәрежеленді

Сотта анықталғандай, 20.09.2023ж. «И» аса iрi мөлшердегі есірткі заты, салмағы 26 500 грамм кептірілген марихуананы өткізу мақсатынсыз заңсыз иемденіп, сақтап, Ақтөбе қаласынан Қандыағаш қаласына тасымалдаған кезде ұсталған.

Ал «К» 21.09.2023ж. тұрғылықты мекен жайы бойынша аса iрi мөлшердегі есірткі заты, салмағы 23 530 грамм кептірілген марихуананы өткізу мақсатынсыз заңсыз иемденіп, сақтағаны анықталған

Сотталушылардың пікірі

Сотталушылар «И» және «К» өздеріне тағылған айып бойынша кінәларын ішінара мойындап, екеуі де ұзақ уақыт бойы есірткі заты-марихуананы пайдаланатындарын, өздері үшін иемденіп, сақтағандарын, өткізу мақсаттары болмағанын, жасаған қылмыстарына өкінетінін көрсетті.

Мемлекеттік айыптаушының пікірі

Мемлекеттік айыптаушы тағылған айыпты толықтай қолдап, соттан «И» мен «К»-ға әрқайсысына 14 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады.

Тағайындалған жаза

Жаза тағайындау барысында қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңілдететін мән-жай ретінде сотталушылардың кінәсін ішінара мойындауы, жас балаларының болуы танылды.

Сотталушының қылмыстық құқық бұзушылықты есірткіден масаң күйде жасағанын сот қылмыстық жауаптылық пен жазаны ауырлататын мән-жай деп таныды.

ҚК-тің 296-бабының 4-бөлігінің санкциясында үш жылдан жеті жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

Сот, алқабилер шешімі негізінде «И» ҚК-нің 296-бабының 4-бөлігімен кінәлі деп танып, оған 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

Сот алқабилер шешімі негізінде «К» ҚК-нің 296-бабының 4-бөлігімен кінәлі деп танып, оған 4  жыл 6  ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі