Ақтөбе қаласының № 2 соты

Ақтөбе қаласының №2 сотының судьясы студенттермен кездесу өткізді

04/04/2018

Ақтөбе қаласының №2 сотының судьясы Динара Мугаппаровна Гильманова судьялардың қоғамды құқықтық тәрбиелеудің VII съезінің қорытындысын жүзеге асыру мақсатында, халықпен кездесу жүргізу аясында жастар арасында қылмыстың алдын-алу үшін жас заңгерлермен, яғни Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің студенттерімен кездесу өткізді.

Алғыс айту күні қарсаңына орай

01/03/2018

«Алғыс айту күні»  мерекесінің қарсаңына орай Ақтөбе қаласының №2 сотының ұжымы зейнеткер Р.Тулебаеваға және оның қызы 1-топ мүгедегі С.Бахтияроваға көмек көрсетті.

Сот ұжымы зейнеткерді келе жатқан мерекемен құттықтай келе, зор денсаулық, ұзақ ғұмыр тілеп, материалдық көмек ретінде азық-түлік табыстады.

Зейнеткер Р.Тулебаева көңіл бөліп, құттықтап барған сот ұжымына ризашылығын білдіріп, жұмыстарына табыс тіледі.

 

Ақтөбе қаласының №2 сотының судьясы «Қазақстан-Ақтөбе» телеарнасында тікелей эфирден сұхбат берді

19/02/2018

Ақтөбе қаласының №2 сотының судьясы Теміржан Алданов «Қазақстан-Ақтөбе» телеарнасының «Адам және Заң» бағдарламасында тікелей эфирде «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» тақырыбында сұхбат берді.

Ақтөбе қаласының №2 сотында дөңгелек үстел өткізілді

18/01/2018

Ақтөбе қаласының №2 сотында «Медиация Заңы» тақырыбында  дөңгелек үстел өткізілді.

Іс-шараға  сот төрағасы С.Тасымбетов, судьялар,  медиатор Сафура Түлкібаева, Ақтөбе облыстық адвокаттар алқасының қорғаушы - адвокаты Ж.Қожанова қатысты.

Дөңгелек үстел барысында судья Т.Алданов дөңгелек үстел тақырыбына сай баяндама оқыды.

Ақтөбе қаласының №2 соты төрағасының міндетін атқарушы студенттермен кездесу өткізді

15/09/2017

Ақтөбе қаласының №2 сотының төрағасының міндетін атқарушы Ерлан Бақытжан соттың ашықтығы мен жариялылығы қағидасын ұстана отырып, халықпен кездесу жүргізу аясында жастар арасында қылмыстың алдын-алу үшін жас заңгерлермен, яғни Ақтөбе қаласындағы  көпсалалы  АГУ Тарлан колледжінің  студенттерімен кездесу өткізді.

Ақтөбе қаласының №2 сотында дөңгелек үстел өткізілді

14/07/2017

Ақтөбе қаласының №2 сотында «Сот актілерін орындау» тақырыбында  дөңгелек үстел өткізілді.

Іс-шараға  сот төрағасының міндетін атқарушы Е.С. Бақытжан, судьялар, Ақтөбе қаласы пробация қызметінің бастығының орынбасары Р.М. Төлегенов., Ақтөбе қаласы пробация қызметінің инспекторы М. Дильмухамбетов.,жеке сот орындаушыларының қызметін ұйымдастыру бөлімінің бастығы С.А. Абдигалимов., сот орындаушы Карим Жанат ., жеке сот орындаушысы К.Б. Танкаев., Ақтөбе облысы жеке сот орындаушылар өңірлік палатасының басшысы Ж.Б. Умарова қатысты.