Ақтөбе қаласының №2 сотының судьясы «Қазақстан-Ақтөбе» телеарнасында тікелей эфирден сұхбат берді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтөбе қаласының №2 сотының судьясы Теміржан Алданов «Қазақстан-Ақтөбе» телеарнасының «Адам және Заң» бағдарламасында тікелей эфирде «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» тақырыбында сұхбат берді.

Бағдарлама барысында судья Мемлекет Басшысы  елдің жаһандық бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ететін экономикалық өсімнің жаңа моделін құру үшін тапсырма бергендігіне тоқталды. Бірінші жаңғыру – әлем картасында болмаған жаңа мемлекет құру. Екінші жаңғыру «Қазақстан-2030» стратегиясының қабылдануымен және жаңа Елорда – Астананың салынумен басталғандығы. Екі табысты жаңғыру баға жетпес тәжірибе бергендігін түсіндірді. Біз енді алға батыл қадам басып, Үшінші жаңғыруды бастауға тиіспіз. Бұл жаңғыру – қазіргі жаһандық сын-қатерлермен күрес жоспары емес, болашаққа, «Қазақстан-2050» стратегиясы мақсаттарына бастайтын сенімді көпір болмақ. Ол Ұлт жоспары – «100 нақты қадам» базасында өткізіледі», - деп атап өтті.

Сонымен қатар, судья Т.Алданов тікелей эфирде барлық қызықтырған сұрақтарға жауап берді.

Источник: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі