Ақтөбе қаласының №2 сотының судьясы студенттермен кездесу өткізді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтөбе қаласының №2 сотының судьясы Динара Мугаппаровна Гильманова судьялардың қоғамды құқықтық тәрбиелеудің VII съезінің қорытындысын жүзеге асыру мақсатында, халықпен кездесу жүргізу аясында жастар арасында қылмыстың алдын-алу үшін жас заңгерлермен, яғни Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің студенттерімен кездесу өткізді.

Кездесу барысында судья студенттерге жауаптылықтан босату шынайы өкiнуiне байланысты қылмыстық  жауаптылықтан босату, қажеттi қорғаныс шегiнен шығу кезінде қылмыстық жауаптылықтан босату, процестік келісімнің талаптары орындалған кезде қылмыстық жауаптылықтан босату, татуласуына байланысты  жәбірленушіге келтірілген залал өндірілсе медиациялық тәртіппен қылмыстық жауаптылықтан босату деп түсіндірді.

Кездесу барысында студенттер көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, тиісті жауаптарын алды.

Өз кезегінде жас заңгерлер мұндай кездесулердің ерекшелігін атап, ұйымдастырылған кездесу үшін сот басшылығына өз ризашылықтарын білдірді.

Источник: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі