Ақтөбе қаласының №2 сотында дөңгелек үстел өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтөбе қаласының №2 сотында «Сот актілерін орындау» тақырыбында  дөңгелек үстел өткізілді.

Іс-шараға  сот төрағасының міндетін атқарушы Е.С. Бақытжан, судьялар, Ақтөбе қаласы пробация қызметінің бастығының орынбасары Р.М. Төлегенов., Ақтөбе қаласы пробация қызметінің инспекторы М. Дильмухамбетов.,жеке сот орындаушыларының қызметін ұйымдастыру бөлімінің бастығы С.А. Абдигалимов., сот орындаушы Карим Жанат ., жеке сот орындаушысы К.Б. Танкаев., Ақтөбе облысы жеке сот орындаушылар өңірлік палатасының басшысы Ж.Б. Умарова қатысты.  

Дөңгелек үстелдің мақсаты, сот пен мемлекеттік сот орындаушылардың өзара жұмыс істеу сұрақтарын талқылау, күрделі сұрақтарын шешу.

Дөңгелек үстелге қатысып отырған мекемелердің өкілдері осы аталған тақырыптарға қатысты өз тарапынан пікірлерін айтты.

Іс-шара барысында судья  Т.М. Алданов дөңгелек үстелге қатысушылардың барлық сұрақтарына жауап беріп, белсенді қатысқандары үшін ризашылығын білдірді.

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі