Медиация тәртібі қолданылды.

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтөбе қаласының №2 сотының өндірісінде ҚР ҚК-нің 177 бабының 1 айыпталған Т. деген азаматшаға қатысты қылмыстық іс қаралды.

          Қылмыстық іс бойынша: 2013 жылы 25 маусым айында Т., Ақтөбе қаласында, Оңтүстік Батыс-1 ауданы, Шонанұлы көшесіндегі №138 үйде И. деген азаматшамен сөйлесіп отырып, оның жұмыс іздеп жүргенін біледі.  Содан кейін, Т. И. тілдесу барысында қасақана, алаяқтық, яғни бөтен мүлікті алдау, сенімге қиянат жасау арқылы ұрлап алу ниетімен, соңғының сеніміне кіріп, жұмысқа тұрғызуға мүмкіншілігі бар екеніне алдап сендірген. Содан кейін, Т. оған сеніп тұрғанын көріп, соңғының сеніміне қиянат жасап және оны алдауын жалғастыра отырып, аталған жұмысқа тұрғызу үшін 250 000 теңге ақшалай қаражат талап еткен. Жәбірленуші И. оған қарсы қылмыс жасалып жатқанын білмей, Т. ақшалай қаражатын беуге келіскен. Т. өзінің қылмыстық жоспарын соңына дейін жеткізу үшін, алдау жолымен уәдесін шындыққа айналдырып, 27 маусым 2013 жылы сағат 11-00 шамасында, Ақтөбе қаласында, Әбілхаир-хан даңғылы, «Сазды» аялдамасында кездесіп, И. 150 000 теңге ақшасын алған. Содан соң,  Т. өзінің қылмыстық ойын жалғастыра отырып, 2013 жылдың 30 маусымында шамамен сағат 09.00-де Т. Ақтөбе қаласында, Кунаев көшесінде орналасқан «Кунаев» аялдамасында И. 100 000 теңге алып, жұмыс туралы шешіп беретінін айтып, аталған ақшалай сомасын алаяқтық жолымен ұрлап алып, қылмыс жасаған жерінен бой тасалаған.

        Т. қылмыстық іс - әрекеттерінің салдарынан жәбірленуші И. 250 000 теңге мөлшерінде мүліктік залал келтірілген.

        2014 жылдың 20 ақпандағы сот қаулысымен ҚР ҚК-нің 177 бабының 1 бөлімімен айыпталған Т. ҚР ҚК-нің 67 бабының 1 бөліміне сәйкес, медиациялық тәртіппен жәбірленушімен татуласуына байланысты қылмыстық жауаптылықтан босатылды. 

        Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

                                                                                                                                                       Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі