Хромтау аудандық сотында дөңгелек үстел өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Хромтау аудандық сотының судьясы С.Жумашкинамен сот судьялары мен мамандарының, Хромтау ауданы прокурорының көмекшісі Ж.Еспановтың, Хромтау аудандық көші-қон полициясының инспекторы А.Бекжанованың қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді.

Аталған шараның мақсаты болып шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының шегінен тыс шығарып жіберу туралы арыздар бойынша істерді қарауды талқылау табылады.

Дөнгелек үстел өткізу барысында 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілген Қазақстан Республикасының Азаматтық процесстік кодексінің 49 тарауымен көзделген шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының шегінен тыс шығарып жіберу туралы арыздар бойынша істерді қарау кезінде туындайтын мәселелер, шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды Қазақстан Республикасының шегінен тыс шығарып жіберу туралы сот шешімдері мен қаулыларын орындау талқыланды.

Источник: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі