Хромтау аудандық сотында дөңгелек үстел өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Хромтау аудандық сотында судья С.Жумашкина сот судьялары мен мамандарының және Хромтау ауданы прокурорының көмекшісі Ж.Еспановтың, Хромтау аудандық көші-қон полициясының инспекторы А.Бекжанованың қатысуымен шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының шегінен тыс шығарып жіберу туралы арыздар бойынша істерді қарауды талқылау мақсатында дөңгелек үстел өткізілді.

Дөнгелек үстелді өткізу барысында 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілген Қазақстан Республикасының Азаматтық процесстік кодексінің 49 тарауымен көзделген шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының шегінен тыс шығарып жіберу туралы арыздар бойынша істерді қарау кезінде туындайтын мәселелер, шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды Қазақстан Республикасының шегінен тыс шығарып жіберу туралы сот шешімдері мен қаулыларын орындау талқыланды

Дөңгелек үстел қатысушылары мәселелі сұрақтарды талқылап пікіп алмасты.

Источник: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі