Хромтау аудандық сотында дөңгелек үстел өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Хромтау аудандық сотында сот судьялары мен Хромтау аудандық көші-қон полициясының инспекторы А.Бекжанованың қатысуымен дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

Шара шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының шегінен тыс шығарып жіберу туралы арыздар бойынша істерді қарауды талқылау мақсатында өткізілді.

Дөнгелек үстел өткізу барысында 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілген Қазақстан Республикасының Азаматтық процесстік кодексінің 49 тарауымен көзделген шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының шегінен тыс шығарып жіберу туралы арыздар бойынша істерді қарау кезінде туындайтын мәселелер, шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды Қазақстан Республикасының шегінен тыс шығарып жіберу туралы сот шешімдерін орындау талқыланды.

 

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі