«Есірткіні мемлекеттік шекарадан өткізуге оқталған».

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Мәртөк аудандық сотында ҚР ҚК-нің 250 бабының 1 бөлігі – 24 бабының 3 бөлігіне сай қылмыстық іс қаралды. Іс бойынша сотталушы аз. П. 2014 жылдың 29 қаңтарында сағат 10-00 шамасында Ақтөбе қаласында 5 қағазға оралған есірткі зат - кептірілген марихуана тауып алып, оның есірткі зат екенін біле тұра, сол күні сағат 17-00 шамасында нашақорлық масаю күйінде, есірткі зат марихуананы өзімен алып Ресей Федерациясы Самара қаласына бару мақсатында автобусқа отырған. Жайсан шекара бекетінде есірткіні қолғабына салып, отырғыштың арасына тығып қойған, алайда шекарада бақылау іс шараларын өткізу барысында шекарашылар есірткіні тауып алған. Сотта сотталушы кінәсін толық мойындап, болған жайды растаған. Сот, сотталушы аз.П-тің жасаған қылмыстық әрекеті ауырлығы орташа қылмыс санатына жататындығын және оның бұрын сотталмағанын ескеріп, ҚР ҚК-нің 67 бабының 4 бөлігін қолданып іс өндірісін қысқартқан.

Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.

                                                                                                                                                         Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі.