Ақтөбеде Қазақстан Республикасының «Тәуелсіздік күніне» орай спартакиада өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтөбе қаласындағы «Химик» спорт кешенінде Ақтөбе облыстық, қалалық және мамандандырылған сотының судьялар мен сот мамандарының арасында, ҚР Судьялар Одағы Ақтөбе филиалының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының «Тәуелсіздік күніне» мерекесі қарсаңында спартакиада өткізілді.

Жарыстың ашылу салтанатына Ақтөбе облыстық сотының төрағасы Ерлан Айтжанов, ҚР Судьялар Одағы Ақтөбе филиалының төрағасы Дәмеш Әбдалі, сот жүйесінің ардагері Балтабай Сабыров, облыстық соттың алқа төрағасы Нұрсапа Примашев, облыстық сот кеңсе басшысы Әсет Мамбетов пен БАҚ өкілдері қатысты.

Спаркадиада Ақтөбе облысының жергілікті соттары облыстық сот, қалалық сот және мамандандырылған соттар төрт құрамаға бөлініп, аталмыш соттардың судьялары мен сот қызметкерлері волейбол, үстел теннисі, қол күрес және дойбы секілді спорт түрлері бойынша өз өнерлерін ортаға салып, жарысты.

Үстел теннисінен 1 орынды «Мәңгілік ел» облыстық сот  құрама командасы иеленіп, 2 орынды  «Тұлпар» экономиялық және әкімшілік соттар құрамасы, 3 орынды қалалық және мамандандырылғын кәмелетке толмағандар істер жөніндегі соттардан құрылған «Жеңіс» құрамы командасы иеленді.

Волейболдан 1 орынды «Тұлпар» құрама командасы, 2 орынды «Мәңгілі», 3 орынды «Жеңіс» құрама командасы иеленіп, 4 орынды «Барыс» құрама командалары иеленді.  «Үздік партия» номинациясында «Барыс» командасы марапаталды. «Үздік ойыншы» номинациясында «Жеңіс» командасы Мира Купенова марапаталды.

Қол күресінен 1 және орынды «Жеңіс» құрамасы, 3 орынды «Мәңгілік ел» құрамасы иеленді.

Дойбыдан 1 орынды «Тұлпар» құрама командасы, 2 орынды «Жеңіс», 3 орынды «Мәңгілік ел» құрамасы командасы иеленді.

Ақтық сайыста командалық жарыстан «Тұлпар» құрама командасы барлық спорт түрлері бойынша үздік атанып, жыл сайынғы ауыспалы кубокты иеленді.  

Дәстүрге сай жыл сайын өткізілетін спартакиада судьялар мен сот қызметкерлері арасында спорт, дене шынықтыру және салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында ұйымдастырылған шара.

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі