спартакиада

Судьялар спартакиадаға қатысты

27/09/2016

2016 жылға 22-23 қыркүйек күндері аралығында Қарағанды қаласында Қазақстан Республикасының Судьялар одағы VIII спартакиада өтті.

Жарыс барысында республика бойынша барлық облыстың судьялары қатысты.

Спартакиада өткізу – белгілі оқиға, елімізде әрі қарай дене шынықтыру мен сот саласындағы спортты дамыту.

Сонымен қатар, үстел теннисінің жүлдегері Әйтеке би аудандық сотының төрағасы Асхат Амантайұлы Әбдіров 3 орынға ие болды.

Ақтөбеде Қазақстан Республикасының «Тәуелсіздік күніне» орай спартакиада өткізілді

14/12/2015

Ақтөбе қаласындағы «Химик» спорт кешенінде Ақтөбе облыстық, қалалық және мамандандырылған сотының судьялар мен сот мамандарының арасында, ҚР Судьялар Одағы Ақтөбе филиалының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының «Тәуелсіздік күніне» мерекесі қарсаңында спартакиада өткізілді.

Ақтөбе облыстық сотында сот приставтарының семинар сабағы мен спартакиада өткізілді

25/09/2015

Бүгін Ақтөбе облыстық сотының кеңсесі Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті басшысының №271 өкімімен бекітілген сот приставтары туралы ереже мен сот приставтарының іс-әрекеттері жөніндегі нұсқаулықты жұмыста қолдануды оңтайландыру және олардың жұмысын жандандыру мақсатында барлық аудандық және оған теңестірілген соттардың сот приставтарының қатысуымен семинар сабағын өткізді.

Ақтөбеде Ұлы Отан Соғысының 70 жылдығын ұлықтау мақсатында спартакиада ұйымдастырылды

07/05/2015

Бүгін Ақтөбе қаласындағы «Химик» спорт кешенінде Ақтөбе облыстық сотының судьялар мен сот мамандарының ұйымдастыруымен «Ұлы Отан соғысына – 70 жыл» мерекесі қарсаңында облыстың судьялары мен сот қызметкерлерінің қатысуымен спартакиада өткізілді.

Жарыстың ашылу салтанатына Ақтөбе облыстық сотының төрағасы Ерлан Айтжанов,  ҚР Судьялар Одағы Ақтөбе филиалының төрағасы Дәмеш Әбдалі, сот жүйесінің ардагері Балтабай Сабыров, облыстық соттың алқа төрағасы Нұрсапа Примашев, облыстық сот кеңсе басшысы Әсет Мамбетов пен БАҚ өкілдері қатысты.

Ақтөбеде ҚР Тәуелсіздік күні мерекесі қарсаңында судьялар мен сот мамандарының спартакиадасы ұйымдастырылды

13/12/2014

Бүгін Ақтөбе қаласындағы «Химик» спорт кешенінде Қазақстан Республикасының Судьялар Одағы Ақтөбе филиалының ұйымдастыруымен егеменді еліміздің «16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні» мерекесі қарсаңында облыстың судьялары мен сот қызметкерлерінің қатысуымен спартакиада өткізілді.

Ақтөбенің судьялар қауымдастығы мемлекеттік қызметшілер арасындағы спартакиадада үздік атанды

17/11/2014

Ақтөбе қаласында ағымдағы жылдың 14-16 қарашасы аралығында облыстық басқармалардың және департаменттердің мемлекеттік қызметшілері арасында өткен ХIV-ші облыстық спартакиаданың қорытындысы бойынша Ақтөбе облысының судьялар қауымдастығы қарсыластарының арасында топ жарды.

Облыстың сот жүйесінің судьялары мен мамандарынан құралған құрама команда шағын футболдан қарсыластарының алдында жан салмай, 1-ші орынды иеленді.

Үстел теннисінен Әйтеке би аудандық сотының төрағасы Асхат Абдиров жүлделі 2 орынды иеленіп, волейбол ойыны бойынша құрама команда жүлделі 3 орынды иеленді.