облыстық сот

Сот үкімі өзгеріссіз қалдырылды

12/08/2016

Ақтөбе қаласының №2 сотында 2016 жылдың 12 шілдесінде Қазақстан Республикасының 12 азаматына қатысты  террористік сипаттағы, ауыр санатындағы  қылмыстық іс қаралды.Аталған тұлғаларға қылмыстық қудалау органымен ҚР ҚК-нің 24 бабының 3 б.-257 бабының 2 б. 258 бабының 1 б. көзделген ауыр қылмыстар жасаған деп  айып тағылған.

Ақтөбе облыстық сотында мемлекеттік тілді қолдану бойынша сұрақтар талқыланды

27/05/2016

Бүгін Ақтөбе облыстық сотының ғимаратында «Сот істерін мемлекеттік тілде жүргізу мәселелері» тақырыбында судьялардың, прокуратура және адвокаттар алқасы өкілдерінің,  «Ақтөбе облысының тілдерді дамыту басқармасының» ММ жанындағы Тілдерді оқыту орталығы өкілдерінің, тергеу, әділет органдары мен мемлекеттік мекемелер, банктер мен БАҚ өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді.

Ақтөбе облыстықсотында семинар сабағы өткізілді

26/05/2016

Ақтөбе облысы бойынша соттар әкімшісі басшысының орынбасары Е.Сағынғанов соттардың жұмысын ұйымдастыруда туындайтын мәселелерді  талқылау бойынша семинар сабағын өткізді.

Семинар сабағына  облыстық соттың бөлім басшылары,  қалалық және мамандандырылған соттардың кеңсе меңгерушілері мен сот мамандары қатысты.

Облыстық соттың қызметкерлері ардагерлерді құттықтады

06/05/2016

Ұлы Отан соғысындағы Ұлы Жеңістің 71 жылдық мерекесі қарсаңында соттар әкімшісі А.Мамбетовпен кеңсе меңгерушісі Қ.Абжетов ардагерді құттықтады.

Фемида өкілдері облыстық сотта үздіксіз 26 жыл бойы маман қызметін атқарған сот жүйесінің ардагері, Ұлы Отан соғысының  тыл еңбеккері Минаура Исмагиловна Шайдуллинаға барды. Бұлар есімі бас әріппен жазылған, өз ісінің шебері, біздің тыныштығымыз бен бейбіт өміріміз үшін еңбек еткен  адамдар.

Ақтөбе облыстық сотында кезекті сенбілік өткізілді

23/04/2016

Бүгін сот жүйесінің ғимараттарын тазарту мақсатында қалалық екіайлық көгалдандыру және көріктендіру аясында кезекті сенбілік өткізілді.

Сенбілікке облыстық сотының, қалалық және мамандандырылған соттардың мамандары қатысты.

Соттардың  ұжымдарымен ғимарат ауласы тазартылып, талдар мен гүлзарлардың жері жыртылып, маңайын қурап қалған жапырақтардан  тазарту ағаштар мен ернеулерді ақтау,  күл – қоқыстар шығару жұмыстары жүргізілді.

Атап айтқанда сенбілік жоғары деңгейде өткізілді, осы іс шаралар жалғасын табады.

Сот жүйесінің еңбек сіңірген ардагерін мерейтойымен құттықтау

26/02/2016

Кеше облыстық сот басшылығы мен Қазақстан Республикасының Судьялар Одағы Ақтөбе филиалының бастамасымен сот жүйесінің еңбек сіңірген ардагері Валентина Дмитриевна Карпенконы 75 жас мерейтойымен құттықтады.

Сот жүйесінің еңбек сіңірген ардагерін облыстық соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасынң төрағасы Д.Әбдалі, Қазақстан Республикасы Судьялар Одағы Ақтөбе филиалының төрағасы А.Қалмұхамбетов, облыстық соттың судьясы Ш.Әлнияз, Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Н.Сұлтанов, қатысты.

Ақтөбеде Қазақстан Республикасының «Тәуелсіздік күніне» орай спартакиада өткізілді

14/12/2015

Ақтөбе қаласындағы «Химик» спорт кешенінде Ақтөбе облыстық, қалалық және мамандандырылған сотының судьялар мен сот мамандарының арасында, ҚР Судьялар Одағы Ақтөбе филиалының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының «Тәуелсіздік күніне» мерекесі қарсаңында спартакиада өткізілді.

Ақтөбе облыстық сотында жаңадан тағайындалған судьялар таныстырылды

07/12/2015

Ақтөбе облыстық сотының судьяларының жалпы отырысында 2015 жылғы 30 қарашадағы «Қазақстан Республикасы соттарының төрағалары мен судьяларын қызметке тағайындау және қызметтен босату туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің №119 Жарлығымен жаңадан тағайындалған судья таныстырылды.

Беттер