Ақтөбе облыстық сотында «Сот кабинеті» ақпараттық сервисінде «Сот органына хатты жіберу» атты дөңгелек үстел өтті.

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтөбе облыстық сотында есептілік және құжат айналымын түбегейлі қысқарту туралы Мемлекет басшысының 2012 жылғы 27 қаңтардағы тапсырмасын іске асыру бойынша іс-шаралар жоспарын орындау мақсатында "Сот кабинеті" ақпараттық сервисінде жаңа "Сот органына хатты жіберу" функционалын әзірлеу бойынша дөңгелек үстел өткізілді. 

Дөңгелек үстелге қатысушылар кеңсе басшысының орынбасары Е.Сағынғанов, кеңсе  меңгерушісі Қ.Абжетов және облыстық сот мамандары мен заңды тұлғалар, жеке кәсіпкерлер қатысты.  

Қ.Абжетов  осы шара электрондық құжат айналымының мүмкіндіктерін, соның ішінде сот жүйесі органдарының квази-мемлекеттік органдармен, коммерциялық ұйымдармен, жеке және заңды тұлғалармен өзара әрекет ету бөлігінде пайдалануды арттыруға мүмкіндік береді, қағаз құжат айналымын қысқартады, сотқа жүгіну механизмін жеңілдетеді және талапты қабылдау сатысында және сот ісін жүргізу үрдісінде процедураларды жеделдетіндігін атап айтты.

Осы функционалда "Сот кабинеті" сервисінің бланкі, баркод түріндегі электрондық-цифрлық қолтаңба бар, бұл сот органына жолданатын электрондық құжаттың легитимділігін білдіреді.

"Сот органына хатты жіберу" функционалымен жұмыс істеу үшін сыртқы интернет ресурсы, ұлттық куәландырушы орталықтың заңды тұлғаларға арналған электрондық-цифрлық қолтаңбасы болуы қажет.

Осыған байланысты квази-мемлекеттік органдардан, коммерциялық ұйымдардан, заңды тұлғалардан сотқа қолма-қол келіп түсетін қағаз түріндегі барлық хат-хабарлар алдағы уақытта азаятынын, құжаттар басымырақ тек электрондық түрде "Сот органына хатты жіберу" функционалы арқылы қабылданатынын атап өту керек.

Іс шара өту кезінде қатысушылар жаңа функциолымен жұмыс істеу үшін  әсерлі таныстырылды.

Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша қатысушылыр ойларымен алмасып, жаңа функционалдық құру туралы сындарлы диалог, бүгін өте өзекті болып табылады.

Источник: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі