«Сот кабинеті» ақпараттық сервисін қолдану» тақырыбындағы дөңгелек үстел

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Мұғалжар аудандық сотында «Сот кабинеті» ақпараттық сервисін қолдану»  тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Шараға кеңсе меңгерушісі А.Иманбекова,  аудандық «Мұғалжар»   газетінің өкілі А.Есқар, Мұғалжар ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының және аудандық ішкі істер бөлімінің өкілдері қатысты.

Шара барысында А.Иманбекова «Сот кабинеті» ақпараттық сервисін қолдану» сервисімен қолдану бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Кәзіргі уақытта жеке тұлғалардан және заңды тұлғалар өкілдерінен 1508  талап арыздар қабылданды.

Талқылаудың нәтижесі бойынша, қатысушылар пікірлерімен алмасып ақпараттық технологиялардың дамуын қолдап маңыздылығын атап өтті.

Шара соңында А.Иманбекова  БАҚ өкілі тарапынан туындаған сұрақтарға жауап беріліп, өзара ықпалдастық үшін тілшіге өз алғысын білдірді.

Источник: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі