Ақтөбе облысы экология Департаментінің жауапкер «Парижская коммуна-XXI» ЖШС-не қатысты талап арызы қаралды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтөбе облысының экономикалық сотымен талап қоюшы Ақтөбе облысы Экология Департаментінің жауапкер «Парижская коммуна-XXI» ЖШС-нен 7 027 459 824 теңге көлеміндегі экономикалық залалды өтеу туралы азаматтық ісі қаралды.

Жоспардан тыс тексеру барысында, жауапкер Қазақстан Республикасы экологиялық заңнаманың талаптарын сақтамағандығы, нәтижесінде қоршаған ортаға зиян келтіргендігі анықталды.

1.Сонымен, Серіктестік мал сою цехындағы жануарлардың қалдықтарын, құрылыс қалдықтарын, тұрмыстық қатты қалдықтарды, көңді араластыру арқылы ішінара кәсіпорын аумағына (буферлік аймаққа) көмген. Жүргізілген есепке сәйкес, қоршаған ортаға рұқсатсыз қалдықтарды орналастыру (көму) арқылы келтірілген залал мөлшері 63 085 046 теңгені құрады.

2. Көң ұзақ уақыт бойы сақталған. Ал, мемлекеттік экологиялық сараптаманың қорытындысына сәйкес сақтау мерзімі 5-6 айды құрайды.

Сонымен қатар, қоқыс көң сақтайтын қоймаға салынбай, одан бөлек салынатындығы да анықталды. Қоршаған ортаға эмиссияға рұқсатсыз қалдықтарды көму үшін келтірілген залал мөлшері 8 768 теңгені құрады.

3. 2018 ж. және 01.01.-12.02.2019 ж. Серіктестік өндірістік қызметін қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсатсыз жүзеге асырған. Келтірілген залалдың мөлшері 79 383 426 теңгені құрады.

4. Бестамақ мал өсіру кешені 40 000 басқа арналған. Дегенмен, жануарлардың саны мәлімделген көлемінен 11 мың басқа артық екендігі анықталды. Бұл рұқсат етілген шығарындылар Жобасынан ауытқу ғана емес, сонымен бірге қоршаған ортаға эмиссиялар нормативтерінің де асып кетуі болып табылады. Қоршаған ортаға ластаушы заттардың артық шығарындылары үшін келтірілген залал мөлшері 50 082 623 теңгені құрады.

5. «Парижская Коммуна-ХХІ» ЖШС қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат алмай, 2018 жылы - 386 305 м3, ал 01.01.-12.02.2019 жылы - 48 282 м3 көлемде ағынды суларды шығару жүзеге асырған. Келтірілген залалдың жалпы сомасы 2 500 624 730 теңгені құрады.

6. Сот өндірістік ағынды суларды Жобада көрсетілгендей кәріз құбырлары арқылы су қоймасына тікелей түспей, жер бедерімен өтетіндігі анықталды.

Сонымен қатар, тазарту құрылыстары аймағында тазарту құрылғыларының жұмысын жақсартуға және өндірістік ағынды суларды тазарту тиімділігін арттыруға арналған арнайы жабдық жоқ. УФ- зарарсыздандыру құдығы жоқ. Салдарынан өндірістік ағынды сулар алдын ала тазартусыз жер бедеріне шығарылған.

Одан басқа, жылдың жылы мезгілдерінде электр сорғыларының көмегімен тазартылмаған өндірістік ағын сулар плантациялардың суару қажеттіліктеріне бағытталып, бұл жер учаскелерінің ластануына әкелген. Ластанған жер учаскесінің ауданы 26 089 м2 құрайды. Келтірілген залал мөлшері 4 334 275 231 теңгені құрады.

Осылайша, жауапкер экологиялық заңнаманың талаптарын бұзған.

Сот шешімімен Департаменттің талап арызы қанағаттандырылды. «Парижская Коммуна ХХІ» ЖШС-нен мемлекет кірісіне 7 027 459 824 теңге көлемінде  экономикалық залал, 210 823 795 теңге көлемінде мемлекеттік баж өндірілді.

Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Ақтөбе облысының МАЭС-ның баспасөз қызметі