Жаңалықтар

Жергілікті полиция басшысының орынбасары өкілеттігін асырғаны үшін сотталды

02/05/2024

Мәртөк аудандық соты «Е» - ге қатысты, яғни өзі үшін пайда мен артықшылықтар алу мақсаттарында өзінің лауазымдық өкілеттігін асыра пайдаланды деген айыппен қылмыстық істі қарады (ҚК 362-бабының 4-бөлігінің 3-тармағы).

Қысқаша фабула

Сотпен мұғалімдердің құқықтары қорғалды

02/05/2024

Сотпен анықталды:

«Ақтөбе облысы білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің 24.12.2021 жылғы бұйрығымен «Мектеп» мұғалімі «Ә»-ні информация пәні мұғалімі лауазымы бойынша педагог зерттеуші, ал «О»-ны бастауыш сынып мұғалімі лауазымы бойынша педагог зерттеуші біліктілік санаттары берілген.

Алайда, мектеп директорының 21.09.2023 жылғы бұйрығымен «Ә-ға» және «О-ға» берілген зерттеуші біліктілік санаттары алынып, педагог санатына төмендетілген.

Аудандық мәслихат депутаты алаяқтық жасағаны үшін сотталды

30/04/2024

Ақтөбе қаласының №2 соты «Н» - ға қатысты алаяқтық жасады, яғни алдау және сенімді теріс пайдалану жолымен бөтеннің мүлкін аса ірі мөлшерде бірнеше рет жасаған деген айыппен қылмыстық істі қарады (ҚК 190-бабының 4-бөлігінің 2 тармағы).

Қысқаша фабула

І эпизод

Студенттермен кездесу өтті

29/04/2024

Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Жәнібек Сейтжапаров және сот отырысының хатшысы Бақытнұр Сугурова Ақтөбе облысының құрылыс және бизнес колледжінің 2 курс студенттерімен кездесу өткізді.

Кездесу барысында судья Жәнібек Сейтжапаров студенттерге қылмыстық істердің қаралу тәртібі және жазаның қаталдығы жөнінде, әрбір құқық бұзушылықта жауапкершілік бар екендігі туралы атап өтті.

Сонымен қатар, сот хатшысы Бақытнұр Сугурова соттың жалпы жұмысына тоқталып, сот жүйесінің ерекшеліктері туралы айтты.

Судьялар мен сот қызметкерлері сенбілікті жалғастыруда

29/04/2024

«ЖАСЫЛ АЙМАҚ»: АҚТӨБЕ ОБЛЫСТЫҚ СОТЫНЫҢ СУДЬЯЛАРЫ ЖӘНЕ ДЕПАРТАМЕНТ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ СЕНБІЛІК ЖҰМЫСТАРЫН ЖАЛҒАСТЫРУДА

«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясының «Жасыл аймақ» апталығы аясында Ақтөбе облыстық сотымен әктеу, бұтау жұмыстары жүргізілді.

Сонымен қатар, жасыл желек қоршаулары ретке келтіріліп, бағаналар сырланды. Одан бөлек, арық-атыздар тазаланып, күл-қоқыстар тазартылды.

Сот қызметкерлері арасында семинар сабағы өтті

29/04/2024

Сот әкімшілігінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті Ақтөбе облысы мамандандырылған күзет қызметі басқармасымен бірлесе отырып “Сот ғимаратындағы ішкі объектілік өткізу режимін күшейту” және “Жемқорлықтың алдын-алу шаралары”атты тақырыптарында семинар өткізді.

Семинар барысында баяндамашылар аталған тақырыптар бойынша егжей-тегжейлі тоқталып, сот ғимараттарына келушілер, процеске қатысушылар, сот процесіне қатысатын өзге де адамдар үшін өткізу және объектішілік режимді қамтамасыз ету тәртібін атап өтті.

Сот әкімшілі департаметінің бөлім басшысы студенттермен кездесу өткізді

29/04/2024

Персоналды басқару бөлімінің басшысы Тұрсын Қошаева Құдайберген Жұбанов атындағы Ақтөбе өңіраралық университетінің «экономика және құқық» факультеті студентерімен кездесу өткізді.

Іс-шараның мақсаты сот қызметкерлімен аймақтың сот жүйесін кадрлық құрамымен толықтыру болды.

Спикер «құқықтану» мамандығының студенттеріне сот жүйесінің даму тарихымен, ақпараттық технологияларымен, бос орындарымен және бос лауазымдарға орналасу конкурсына қатысу шарттарымен егжей-тегжейлі таныстырды.

Кездесу соңында студенттерді қызықтыратын сұрақтарға жауап берілді.

Балалардың түнгі серуені-ата-аналардың жауапкершілігі

29/04/2024

"Бала құқықтары туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекеттік органдар, жеке және заңды тұлғалар баланы денсаулығына, адамгершілік және рухани дамуына зиян келтіретін әлеуметтік ортаның, ақпараттың, насихат пен үгіттің теріс әсерінен қорғауға міндетті

Осыған байланысты, Заң баланың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз таңғы сағат 23-тен таңғы 6-ға дейін тұрғынжайдан тыс жерде болуына тыйым салады.

Кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ойын-сауық орындарында немесе заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз тұрғын үйден тыс жерде болуы әкімшілік жауаптылыққа әкеп соғады.

Жас қызды 7 қабаттан құлатып өлтірген адамға үкім шығарылды

19/04/2024

Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында күш қолданып зорлау және басқа қылмысты жасыру мақсатымен  адам өлтіру бойынша айыпталған А.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды (ҚК-нің 120-бабының 1-бөлігі, 99-бабының 2-бөлігінің 10) тармағы)

Сотпен анықталғаны:

Cот ауруханадан мүгедек баланың пайдасына 10 миллион теңге көлемінде моральдық зиян өндірді

18/04/2024

Ақтөбе облысының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында кәмелетке толмаған баланың мүддесі үшін қалалық  мемлекеттік ауруханалардың  біріне анасының талап қоюы бойынша азаматтық іс қаралды.

 Істің мәні

Талап қоюшы 2019 жылы туған кәмелетке толмаған баланың анасы болып табылады. 2023 жылдың маусым айында  баланың   үй жағдайында  бөксе , жамбас,  және аяқтары аймағынан қайнаған сумен денесін күйік шалып, жедел жәрдеммен  аурухананың жансақтау  бөліміне жеткізілді.

Беттер