Архив событий

20/05/2021

Қарғалы аудандық сотында дауларды соттан тыс шешу әдістері жөнінде дөңгелек үстел өткізілді

20/05/2021
Бүгін Қарғалы аудандық сотында дауларды сотқа дейін реттеу әдістерін және сотқа барар алдында келіссөздер мен бітімгершілік рәсімдерін әзірлеу жөнінде дөңгелек үстел өтті.
Іс-шараға Қарғалы аудандық сотының судьясы А.К.Шарипбаев және бейнеконференцбайланыс арқылы Қарғалы ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы А.К.Актаев және прокуратура өкілі А.Т.Абдулбахитов, нотариустар Т.Г. Шанаев, Е.А. Айтпаев, кәсіби емес медиатор Я. Д.Мельник қатысты.