Архив событий

21/05/2021

КӨРШІЛЕР СОТТА КЕЛІСІМ ТАПТЫ

21/05/2021

Әйтеке би аудандық сотына екі пәтерлі үйдің тұрғыны көршісіне ортақ жер учаскесін пайдалану тәртібін анықтау және моральдық зиянды өндіріп алу туралы талап арызбен жүгінді.

Көршілердің арасындағы ортақ ауланы пайдалану туралы дау 3 жылға  жалғасқан және өздері бейбіт келісімге келе алмаған. Жауапкер өзінің ғимараттарына ортақ жолды қоршап алып, үнемі дау тудырып, осылайша талап қоюшыға моральдық зиян келтірген.

Судья медиацияның сөзсіз артықшылықтарын, соның арқасында тараптардың туындаған дауды өзара тиімді шарттармен шеше алатынын түсіндірді.