Архив событий

17/05/2021

ҚОҒАМ ҮШІН ЖОҒАРЫ ҚАУІП

17/05/2021
Ақтөбе қаласының мамандандырылған әкімшілік сотымен көлік құралын масаң күйде басқарғаны үшін «М»-ға (ӘҚБтК-тің 608-бабы 3-1-бөлігі) қатысты іс қаралды.
Жол жүрісі қағидаларының 2.4.2 тармақшасына сәйкес, жүргізушіге көлік құралын масаң күйде басқаруға тыйым салынған.
Құқық бұзушы 2014 жылғы сот қаулысымен 6 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылған. Алайда, «М» жаза мерзімі өткеннен кейін, ағымдағы жылдың наурыз айында көлік құралын қайтадан масаң күйде басқарған.

Семинар сабағы өткізілді

17/05/2021

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша тиімді іс жүргізуді қамтамасыз ету мақсатында Ақтөбе қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының судьясы Сәуле Әбішевамен Ақтөбе қаласы бойынша полиция басқармасының әкімшілік практика бөлімінің қызметкерлерімен онлайн режимінде әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қысқартылған өндіріс рәсімін түсіндіру бойынша семинар сабағы өткізілді.