Мәртөк аудандық соты

Дөңгелек үстел өткізілді

23/02/2018

Мәртөк аудандық сотында «Мемлекеттік тіл – сот ісін жүргізуде; Латын әліпбиіне көшу» деген тақырыпта дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

Дөңгелек үстел отырысына аудандық соттың судьялары, сот мамандары, Мәртөк аудандық прокуроры, Мәртөк аудандық ЖПБ бастығы, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің өкілі, «Қазақ тілі» қоғамының төрайымы қатысты.

Судьялық әдеп кодексінің ережелері талқыланды

19/02/2018

Мәртөк аудандық сотында судьялардың «Судьялық әдеп кодексінің» нормаларын сақтау мәселесі бойынша семинар сабағы өткізілді.

Семинар сабағы барысында судья Е.А.Нуршарыпов, судьялық әдеп кодексінің ережелеріне толығырақ тоқтап, судьяның моральдық және кәсіптік бейнесіне деген қоғамның талабының өсуі туралы түсіндірді, сонымен қатар бес институционалдық реформаларды жүзеге асыру бойынша Ұлт Көшбасшысы ұсынған «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 19-қадамының орындалуы, енгізілген толықтырулар мен өзгерістер туралы айтты.

2017 жылдың 6 айлық Мәртөк аудандық сотының жұмыс қорытындысы баспасөз мәслихатында талқыланды

05/07/2017

Мәртөк аудандық сотында бұқаралық ақпарат құралдары «Мәртөк тынысы» газетінің тілшісі Қалпиева Аманат қатысуымен, 2017 жылы 6 айында сотпен  атқарылған жұмыстарының  қорытындысы  бойынша баспасөз мәслихаты  өтті.

Баспасөз мәслихатында төраға М.Дүйсен статистикалық мәліметтерді, істер санаттары туралы және қылмыстық, азаматтық, әкімшілік құқық бұзушылық істер бойынша өткен жылдың мезгілімен салыстыру көрсеткіштері айтылды.

«Ашық есік күні»

09/11/2016

Мәртөк аудандық сотында сыбайлас жемқорлық қылмыстарының алдын-алу мақсатында әр айдың екінші сәрсенбісінде «Ашық есік күні» өткізіледі.

Іс-шараның мақсаты – сот жүйесінің  жұмысына халықтың сенімін арттыру,  сот имиджін көтеру, сот қызметімен таныстыру, азаматтардың құқықтық сана-сезімін қалыптастыру және әділдік пен заңдылық  өмірдің  ұстанымы екендігін түсіндіруге бағытталған.