Дөңгелек үстел өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Мәртөк аудандық сотында «Мемлекеттік тіл – сот ісін жүргізуде; Латын әліпбиіне көшу» деген тақырыпта дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

Дөңгелек үстел отырысына аудандық соттың судьялары, сот мамандары, Мәртөк аудандық прокуроры, Мәртөк аудандық ЖПБ бастығы, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің өкілі, «Қазақ тілі» қоғамының төрайымы қатысты.

Судья Е.А.Нуршарыпов өзінің сөзінде, Қазақстан Республикасынының Президентінің «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты жолдауында: «Жауапкершілікті тіл саясаты қазақ ұлтын біріктіруші басты факторлардың бірі болып табылады» дегенін атап өтті.

Дөңгелек үстел барысында дөңгелек үстелге қатысушылар  мемлекеттік тілде  істер мен материалдардың санын ұлғайту және сапасын жоғарылату мәселелерін көтерді, сондай-ақ мемлекеттік тілді сот ісін жүргізуде қолдану кезінде туындайтын сұрақтарды талқылады.

Сонымен қатар барлық іскерлік құжатты латын әліпбиіне кезең-кезеңмен көшіру және сот корпусын оқыту мәселесі талқыланды. Дөңгелек үстелдің қорытындысында, сот қызметкерлерінің дағдыларын жақсарту және дамыту мақсатында мемлекеттік тілде әр түрлі іс-шаралар жүргізу қажеттілігі атап өтілді.

Источник: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі