әкімшілік істер

Әкімшілік істердің соттылығы тақырыбында семинар өтті

09/07/2021

        Ақтөбе облыстық сотында әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Төлеев Е.Б., облыстық сот судьясы Жарқынбеков М.Қ. және аудандық және оған теңестіріліген соттардың төрағалары мен судьяларының қатысуларымен «Әкімшілік істердің соттылығы» тақырыбында семинар өтті.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша брифинг

22/04/2016

Ырғыз аудандық сотында «Ырғыз» газетінің тілшісі А.Мырзалиннің қатысуымен брифинг өтті.

Брифингте сот төрағасы А.Бисенгали ағымдағы жылдың бірініші тоқсанында қаралған әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша ақпарат беріп, ол бойынша статистикалық мәліметтерге тоқталды. Өткен 2015 жылғы осы кезеңінде барлығы 95 іс қаралса, осы жылдың салыстырмалы кезеңінде барлығы 58 іс қаралған, яғни әкімшілік құқық бұзушылық туралы істердің саны азайғанын айтты.

«Кәмелетке толмағандарға қатысты және кәмелетке толмағандармен оның заңды өкілдерінің әкімшілік құқық бұзушылықтары» тақырыбындағы дөңгелек үстел

21/09/2015

Ақтөбе облысының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында «Кәмелетке толмағандарға қатысты және кәмелетке толмағандармен оның заңды өкілдерінің әкімшілік құқық бұзушылықтары» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

«Әкімшілік істерді сотқа «Сот кабинеті» электронды ақпараттық сервисі арқылы жіберу» тақырыбындағы семинар

13/08/2015

Әйтеке би аудандық  сотында «Әкімшілік істерді сотқа «Сот кабинеті» электронды ақпараттық сервисі арқылы жіберу» тақырыбында семинар өткізілді.

Іс-шараға Әйтеке би аудандық сотының судьясы М.С.Мұхамбетқалиев, прокуратура  қызметкерлері, Әйтеке би аудандық ІІБ-нің өкілдері және кеңсе мамандары қатысты.

Баспасөз мәслихаты өткізілді

05/06/2015

Ақтөбе облысының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында БАҚ өкілдерінің қатысуымен  баспасөз - мәслихаты өтті.

Жиында сот төрайымы М.Г.Үрістембаева 2015 жылдың 4 айы бойынша  қаралған әкімшілік істерге тоқталып кетті. Соның ішінде басым көпшілігі ҚР ӘҚБтК-нің 442 бабы бойынша кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп-жүруінсіз түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде сағат 22.00-де немесе сағат 23.00-де тұрғын жайдан тыс жерде болуы жөнінде айтылды.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы материалдарды дайындау кезінде жіберілетін кемшіліктерді болдыртпау мақсатында

29/05/2015

2015 жылдың 28 мамырында Хромтау аудандық сотында сот төрағасы А.Мұқанов пен осы соттың судьясы Е.Жеткерген екеуі, кеңсе меңгерушісі А.Таргенова, Хромтау  ауданындық прокурор көмекшісі Ж.Каракулов, Хромтау аудандық ІІБ Жол полициясының қызметкерлерінің қатысуымен кездесу ұйымдастырды.

Кездесуде негізгі екі тақырып бойынша: әкімшілік құқық бұзушылық туралы материалдарды дұрыс рәсімдеу және ұсақ бұзақылық жасағаны үшін жазаның қатаңдығы.