Ырғыз аудандық сотында брифинг өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ырғыз аудандық сотында «Ырғыз» газетінің тілшісі А.М. Мырзалиннің қатысуымен брифинг өтті.

Брифингте сот төрағасы А.Бисенгали ағымдағы жылдың бірініші жартыжылдығында қаралған әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша ақпарат беріп, ол бойынша статистикалық мәліметтерге тоқталып, өткен 2015 жылғы осы кезеңінде барлығы 157 іс түсіп, қаралса, осы жылдың салыстырмалы кезеңінде барлығы 117 іс түсіп, 116 іс қаралып, 1 іс келесі есептік кезенге қалған, яғни әкімшілік құқық бұзушылық туралы істердің саны азайғанын айтты.

Сонымен қатар, аталған істердің барлығы «Сот кабинеті» электронды сервис арқылы түскендерін, бүгінгі таңда барлық сот отырыстары аудио-бейне жазбаны қолданумен жүргізілетін болып, сотта алты айда қаралған істердің 100% аудио-бейне жазба құралын қолданумен өткізілгенін атап өтті.

Сондай-ақ, сот төрағасы аудандық сот сот жүйесінің имиджін көтеру мақсатында мемлекеттік, басқа да мекемелердің және БАҚ-тың өкілдерімен бірнеше жиындар ұйымдастырып, дөңгелек үстелдер, брифингтер, «ашық есік күндерін» өткізгендерін айтып, тілшінің тақырып бойынша қойған сұрақтарына толыққанды жауап берді.

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі