халықпен кездесу

Кезекті халықпен кездесу өткізілді

15/03/2019
Хромтау аудандық сотының төрағасы аудан әкімдігі және құқық қорғау органдарымен бірлесіп халықпен көшпелі кездесуге катысты.
Іс-шараға аудан әкімі А.Бердалин, аудан  прокуроры Н.Калдыгожин, жергілікті полиция қызметі басшысының м.а Б.Кунбасов және  аудан тұрғындары қатысты.

Халықпен кездесу

01/08/2016

Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында судья А.Д.Қаржауовтың және Ақтөбе облысының Төтенше жағдайлар департаментінің "Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары" Мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің қатысуымен халықпен кездесу шарасы өткізілді.

Ақтөбе облыстық сотының төрағасы облыс тұрғындары үшін «Ашық есік күні» шарасын өткізеді

12/04/2016

2016 жылдың 15 сәуірінде сағат 11.00-ден 12.30-ға дейін халықтың құқықтық мәдениетін жоғарылату, халықтың сотқа деген сенімін арттыру және сот әділдігінің қолжетімді болуын қамтамасыз ету мақсатында Ақтөбе облыстық сотының төрағасы Ерлан Жұмаханұлы Айтжанов облыс тұрғындары үшін «Ашық есік күні» шарасын өткізеді.

Іс-шара аясында қатысамын деушілерге құқықтық көмек көрсетіліп, кеңес беріледі, сонымен бірге олар сот жұмысымен таныса алады.

Алға аудандық сотында «Ашық есік күні» өткізілді

25/06/2015

Халықпен кездесулер ұйымдастыру, соның барысында сот жұмысы туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізу мақсатында азаматтармен кездесу өткізіледі.

Өткізу кестеге сәйкес 2015 жылдың 22 маусымында «Ашық есік күні» өткізілді. Алға аудандық сотының төрасы И.С.Мураткановтың қабылдауына азаматша Д.Арынгазиева «мемлекеттік қызметке орналасу» туралы сұрағымен  жүгінді.

И.С.Муратканов азаматша Д.Арынгазиеваға «Мемлекеттік қызмет туралы» ҚР заңының талабын айтып, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

«Ашық есік күні» өткізілді

15/06/2015

Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында сот төрағасының міндетін атқарушы М.А.Сисенова   2010 жылы ҚР ҚК-нің 259-бабы 3-бөлімі «б, в» тармақтарымен және 259 бабының 2-1 бөлімі бойынша сотталған И.Б.Балабековке қатысты қылмыстық іс бойынша сотталғанның анасы Р.Балабекованы қабылдады.

Хромтау және Қарғалы аудандық соттарында «Ашық есік күні» өткізілді

12/06/2015

Сот жүйесіне халықтың сенімін нығайту және қолжетімділігін арттыру мақсатында ағымдағы жылдың 10 маусымында Хромтау аудандық сотының төрағасы А.Мұқанов «Ашық есік күнін» өткізді.

Бұл шараға азаматтық сауалымен 1946 жылы туылған Ж.Джумабаев қатысып, ол Кұдұқсай селосында жер үлесі жөніндегі сұрағымен сот төрағасының қабылдауында болды. 

Шара қорытындысы бойынша төрағаға жүгінген азамат өзінің қойылған сұрақтарына толық әрі түсінікті жауап алып, алғысын білдірді.

Мәртөк аудандық сотында «Ашық есік күні» өткізілді

11/06/2015

Мәртөк аудандық сотында сот төрағасының өкімімен халықтың сотқа деген сенімін нығайту, сот жүйесінің ашықтығы мен жариялылығын арттыру, сыбайлас жемқорлық қылмыстардың алдын-алу мақсатында әр айдың екінші сәрсенбісі «Ашық есік күні» деп белгіленген.

Байғанин аудандық сотында жеке қабылдау болды

10/06/2015

Мемлекет басшысы құқық қорғау органдарының жұмысының сапасын арттыру, төрешілдікті азайту, соттың ашықтығы мен жариялылығын қамтамасыз ету мәселелерін әрқашан да басты назарда ұстап келеді.

Соттың ашықтығын, жариялылығын қамтамасыз ету, халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және соттың оң имиджін қалыптастыру мақсатында Байғанин аудандық сотында «Ашық есік күндері» ұйымдастырылып, сот төрағасы азаматтарды жеке қабылдауды тұрақты түрде жүргізіп тұрады. 

Халыққа құқықтық көмек көрсету мақсатында «Ашық есік күні» өткізілді

10/06/2015

Қобда аудандық сотында  халыққа құқықтық көмек көрсету, азаматтардың сот жүйесіне деген сенімін арттыру, сонымен қатар сот төрелігіне қол жетімділігін арттыру мақсатында «Ашық есік күні» өткізілді.

Көкейкесті мәселесімен сот төрағасына азаматша Д. жүгініп, өзінің жүгінуінде  2000 жылғы шығарылымда маркасы «Opel Astra» автокөлігі оның атағында тіркелгендігі, бірақта қазіргі уақытта осы автокөлікті жауапкер Ш. пайдаланып отырғаның, оның автокөлікті қайтару туралы өтінішіне қайтармайтындығы туралы  айтты.

Беттер