Кезекті халықпен кездесу өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Хромтау аудандық сотының төрағасы аудан әкімдігі және құқық қорғау органдарымен бірлесіп халықпен көшпелі кездесуге катысты.
Іс-шараға аудан әкімі А.Бердалин, аудан  прокуроры Н.Калдыгожин, жергілікті полиция қызметі басшысының м.а Б.Кунбасов және  аудан тұрғындары қатысты.
Кездесу Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына жолдауын  сот жүйесін одан әрі жаңғырту бөлігінде жүзеге асыру барысын түсіндіру үшін ұйымдастырылған.
Өз баяндамасында А.Балмұханов тұрғындарға Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне меншік құқығын қорғауды күшейту, төрелік, сот жүктемесін оңтайландыру және қылмыстық заңнаманы одан әрі ізгілендіру мәселелері бойынша енгізілген өзгерістер мен толықтырулар,  Елбасы жолдауымен сот саласының алдына қойылған міндеттер мен талаптар туралы түсіндірме берді.
Тұрғындар алдында сөз сөйлеген аудандық сот төрағасы сот төрелігі жүйесінің сапасы мен тиімділігін жақсарту мақсатында сот жүйесінде жүргізіліп жатқан реформалар мен сот ісін жүргізудегі жаңғыртулар туралы айтты. А.Балмұханов қоғам дамыған сайын адамдар арасында түрлі шиеленістер, дау-дамайлар орын алатыны, бұл көріністерді сотта қаралған істер статистикасынан көруге болатын айтты. Бұндай мәселелерді шешу үшін медиаторлардың рөлін арттыру және тұрғындар арасында татуластыру рәсімдерінің тиімділігі туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажеттілігі туындады.
Кездесу соңында  құқық қорғау органдарының өкілдері тұрғындардың барлық сұрақтарына жауап берді.

 

Источник: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі