Халыққа дауларды реттеуде медиацияның тиімділігі түсіндірілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Әйтеке би аудандық сотының төрағасы Ж.Аятов дауларды реттеуде медиацияның тиімділігін насихаттау мақсатында Комсомол ауылының тұрғындарымен кездесті.
Кездесу барысында сот төрағасы ауыл тұрғындарына сотқа талаппен жүгінбей, соттан тыс, дауларды медиация рәсімімен реттеуге болатынын, көмек көрсететін ауылда жұмыс жасап жүрген медиаторлар барын, оларға жүгінген жағдайда дауласушы жақтарды тез арада татуластыруға және дауды реттеуге шаралар атқаратынын, тараптар өзара келісіп, уақыт жұмсамай, жақсы қарым- қатынаста қалатынын, қысқа уақытта дау шешімін табатынын және бақа да тиімді жақтары түсіндіріп, медиацияны насихаттап жүруге шақырды.

 

Источник: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі