«Татуластыру рәсімдері» тақырыбында брифинг өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ырғыз аудандық сотында «Ырғыз» газетінің тілшісі Т.Ақдәулетұлының қатысуымен «Татуластыру рәсімдері» тақырыбында брифинг өткізілді.     

Брифингте судья С.Махамбетов, 2016 жылдан 1 қаңтардан бастап  қолданысқа енгізілген Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің 17-тарауының нормалары туралы, 174-бабына сай, сот тараптардың татуласуы үшін шаралар қолданатыны, дауды процестің барлық сатыларында реттеуде оларға жәрдемдесетіні туралы айтып, тараптар татуласу келісімін, дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісімді немесе дауды партисипативтік рәсімдер тәртібімен реттеу туралы келісімді жасап, не аталған Кодексте белгіленген тәртіппен өзге де тәсілдерді пайдалана отырып, дауды өзара талаптардың толық көлемінде не бір бөлігінде реттей алатынын баяндады.

Сонымен қатар, судья дауды татуластыру рәсімдерін қолдану тәртібімен реттеу туралы, талап тілекті кім беруге құқылы екені, тараптардың бұдан арғы әрекеттері қандай, жақтармен дауды татуластыру рәсімдерінің басқа да тәсілдерін қолдану және келісімнің кейінгі орындау тәртібін түсіндірді.

Источник: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі